С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Сөзге жалғаулардың жалғану реті



бет40/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Сөзге жалғаулардың жалғану реті
Қазақ тілінде кейде жалғаулар бірінің үстіне бірі үстеліп жалғана бероеді. Әдетте жалғау реті көптік, тәуелдік, септік, жіктік болып келеді: ауыл-дар-ың-нан-быз. Сондай-ақ көптік – жіктік (оқушы-лар-мыз), жіктік-көптік (оқушы-сың-дар), тәуелдік-жіктік (оқушы-м-сың), баяндауыш қызметінде жатыс не шығыс септік – жіктік (үй-де-мін)ғ тәуелдік (1,3-жақ) –мы,-мі сұраулық шылау – жіктік жалғау (бала-сы-мы-сың) тәрізді болып келеді.
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Жіктік жалғауға қандай анықтама беруге болады?
2.Жіктік жалғау мен жақ категориясы бір ме, бір емес пе?
3. Жіктік (жақ) қай сөз табының категориясы? Оған қандай категориялық белгілер тән?
4.Есім сөздер мен етістіктердің жіктелу ерекшеліктері бар ма, қандай?
5.Жіктік жалғауды неге предикаттық жалғау деп атайды?
6.Сөзге жалғаулардың жалғану ретін қандай?
Әдебиеттер:

  1. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 67-82-б.

  2. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 107-132-б.

  3. Ы. Маманов. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың тезистері. А.,1973.

  4. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 192-194-б.


ХІІІ. Нөлдік форма


  1. Нөлдік форманың мәні және ол туралы көзқарастар.

  2. Нөлдік форманың парадигмалық сипаты мен сөз байланыстырушы тұлғаларға (жалғауларға) қатысты болуы.

  3. Атау септіктің нөлдік формаға қатысы.

  4. Ілік пен табыс септіктердің нөлдік формалары.

  5. Тәуелдік жалғаулардың нөлдік формасы.

  6. Жіктік жалғаудың нөлдік формасы.

  7. Бұйрық райдың нөлдік формаға қатысы.

Сабақтың мақсаты
Нөлдік форманың мәнін түсініп, қазақ тілінің грамматикалық түрлену жүйесінен алатын орнын, түрлерін анықтап меңгеру.
Әрбір грамматикалық мағына (әрбір категориялық грамматикалық мағына жайында) белгілі бір грамматикалық форма арқылы беріледі. Ал кейбір жағдайда ешбір грамматикалық формасыз-ақ я оның көрінбей, түсіп қалған күйінде де оның білдіретін грамматикалық мағынасы сақталып тұрады. Әрине, ол грамматикалық мағына түбір білдіретін жалпы грамматикалық мағынадан бөлек. Міне, осындай арнайы грамматикалық көрсеткіші, тұлғасы болмай, формасы көрінбей тұрып, сөйлемде белгілі қызмет атқарып (сөздерді байланыстырып) белгілі бір арнайы грамматикалық мағына білдіруді нөлдік форма (формасыз форма) деп атауға болады. Яғни нөлдік форма – басқа да грамматикалық формалар сияқты өзіне тән белгілі бір жеке грамматикалық мағынасы бар, яғни парадигмалық түрлену жүйесінің бір түрі болып табылатын, сондықтан сол түрлену жүйесінің синтаксистік қызметін (сөз байланыстырушы) толық атқаратын форма, бірақ осы мәндер мен қызметін тікелей көрсететін арнайы формасы жоқ тұлға және осы қасиеттері арқылы бір грамматикалық категорияның басқа да формасы бар түрлеріне қарама-қайшы болып, әрі онымен бірлікте, бір бүтін құрайды. Мысалы,
Жартасқа бардым, күнде айғай салдым,
Одан да шықты жаңғырық (Абай). – деген сөйлемде бардым, айғай салдым, шықты етістіктері мынадай грамматикалық мағыналарды білдіреді:
1)қимыл, салттылық мән: бар, айғай сал, шық түбірлері арқылы;
2)жедел өткен шақ –ды,-ты тұлғалары арқылы (бар-ды, айғай салды, шықты), алғашқы екі етістікке жекеше, І жақ, -м тұлғасы арқылы (барды-мға айғай салды-м) және үшінші етістікте 3-жақ мағынасы бар. Бірақ оны көрсететін арнайы форма берілмеген: шықты – О. Міне, бұл – нольдік форма.
Нөлдік форма жайында тіл білімінде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар арнайы формасыз-ақ грамматикалық мағына бар жердің бәрін нөлдік форма деп қарайды. Мысалы, О.Н. Суник түрік тіліндегі иш сөзі ши деген түбір зат есім мен бұл жерде жекелікті білдіретін нөлдік форма тудырушы өосымшадан тұрады. Сөйтіп, атауыш сөздердің негізгі түбір күйіндегі тұлғалардың бәрі нөлдік грамматикалық форма дейді. (Суник О.П. О различии слова, осноы, корня. Морфологическая структура слова в языках различных типов. М.-Л., 1963. 66-67-б.)
Нөлдік форма парадигмалық сипаты бар түрлену жүйесінде, таза грамматикалық категория шеңберінде ғана болады. Нөлдік форманың өзіндік ерекшеліктері де, басқа ұқсас тұлғалардан айырым белгісі де сол жүйенің аясында, сол парадигмалық жүйенің басқа түрлерімен, бір жағынан, қарама-қайшылықта, екінші жағынан, бірлікте тұруы арқылы арқылы айқындалады. Бұл – бір ерекшелігі. Екіншіден, нөлдік форма сөз байланыстырушы тұлғалар (жалғаулар) жүйесінде өмір сүреді, өйткені нөлдік форманың шын мәнінде грамматикалық форма ретінде тілде өмір сүруі тек грамматикалық мағынаны білдіруімен ғана емес, сонымен бірге ол тұлғаның синтаксистік қызметінен, сөздерді байланыстыруынан айқындалып көрінеді. Грамматикалық мағынаның формасыз берілуі, оның бар болуы байланыс қызметінен көрініп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет