С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет56/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Пысықтау үшін сұрақтар
1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты қандай?
2.Сапалық және қатыстық сын есімдердің айырмашылығы неде?
3.Сын есімнің қандай категориясы бар? Сын есім түрлене ме?
4.Шырай нені білдіреді? Жай шырай проблемасы деген не?
5.Шырайдың неше түрі көрсетіліп жүр?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 66-90-беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 174-198-беттер.

3. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А.,1961.
4. С. Исаев. И тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның ролі туралы. ҚазССР ҒА хабарлары, қоғамдық ғылымдар сериясы. 1965, 1-шығуы.
5. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, морфология. М.,1956.
ХYІІ. Сан есім

  1. Сан есімнің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Дара және күрделі сан есімдер.

  3. Сан есімнің мағыналық топтары: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім, бөлшектік сан есім.

  4. Сан есімнің жасалу ерекшеліктері.

  5. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.



Сабақтың мақсаты
Сан есімнің семантикалық және грамматикалық сипатын білу арқылы оның басқа сөз таптарынан бөлініп, өз алдына жеке сөз табы бола алатынын және оның мағыналық топтарын ажырата біліп, сөйлемнен сан есімдерді тауып, қызметін анықтап талдай білу.

Сан есім семантикалық жағынан заттың сан-мөлшерін, ретін т.б. білдіріп, қанша? неше? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Ж.). Атадан – алтау, анадан – төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ. (А) деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың мөлшерін, санын білдіріп тұр.


Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты (Ж.) деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) жас деген зат атаулының санын білдіріп тұр. Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты (Ж.) деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр.
Сан есім құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу, т.б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт, т.б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес, т.б.
Сан есімнің түрлері.
Сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалдық, бөлшектік түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалса да, түрлену жүйесі емес, мағыналық топтары болып саналады.
1.Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет