С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет57/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

2.Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе –ншы, -нші, дауыссызға бітсе –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-нша, жүз отыз бес-інші, т.б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі.
1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -ішні, -ншы,-нші жұрнағының орнына дефис қойылады. Мысалы: Ол 6-қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т.б.
2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. Мысалы: ҮІ класс оқушылары жиналыста отыр. Біз ІҮ үйде тұрамыз.
3.Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады.
3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті деген есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы –ы,-і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу – екеу, алты-ау – алтау, жеті-еу – жетеу.
Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да, заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.
4.Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтаға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады.
1) есептік сандарға –лаған, -леген,-даған, -деген, -таған,-теген, -лап, -леп, -дап, -деп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған, мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай, т.б.
2)есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т.б.
3) есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген.
4)Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңға тарта, отызға жақын, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет