С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет64/97
Дата29.09.2023
өлшемі2,04 Mb.
#111873
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97
Байланысты:
исаев морфология

Есімдіктердің емлесі.
Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау есімдіктері негізгі түбір сөздер болғандықтан, дара есімдіктер болып саналады. Мысалы: мен, сен, сіз, ол, бұл, ана, сол, қанша? қалай бәрі, түгел, өзім т. б.
Еш, әлде, әр, кей, қайсы, бір сөздері мен басқа есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған болымсыздық, белгісіздік есімдіктері күрделі есімдіктер болып саналады, олар бірге жазылады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешбір, әлдекім, әрбір, кейбір, әрқалай, әрқашан т. б.
Еш, әлде, әр, кей, бір, қай сөздері басқа сөз таптарымен (зат есім, кейде қатысты сын есімдермен) тіркесіп қолданылады да, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытта, әр адам, кей шақта, бір мезгілде, әр түрлі т. б.
Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).
2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, кемектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарап аһ ұрдым (А).

  1. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, анықтауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті арқылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. М.). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А). Бұл сұраққа жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. М.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).

  1. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарында үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).

Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?
Есімдіктің мағыналық түрлерінің (жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау) семантикалық, құрамдық жақтарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Зат есімнің орнына жүретін немесе субстантивтенген есімдіктер септеледі. Оның ерекшеліктері:

  1. барыс септік тұлғасы жуанданып, -ған болып кетеді;

  2. ілік, табыс, шығыс септіктерде сөз соңындағы д, н түсіп қалады.

  3. жатыс септікте сөз соңындағы л дыбысы н дыбысына айналып кетеді:

  4. көмектес септікте түбірдің соңғы л,н дыбыстары түсіп қалып, одан кейін ілік септіктің қалдық тұлғасы -ны, -ні үстеліп барып – мен жалғауы жалғанады.

  5. бұл (бұ) сілтеу есімдігі атау мен іліктен басқа септіктерде әрі мұ түрінде де қолданылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет