С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет93/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

Жалғаулықтар тең дәрежедегі бірыңғай сөздерді, тіркестерді, сөйлемдерді байланыстырып, олардың арасындағы әр түрлі қатынастарды білдіреді. Олар:
а) ыңғайлас жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, әрі, да, де, та, те;
ә) талғаулықты жалғаулықтар: әлде бірде, біресе, кейде, яки, не, немесе, болмаса, мейлі, күй;
б) қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сөйтсе де, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйтпегенде;
в) себеп-салдар жалғаулықтар: өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, сол үшін;
в) ұштастырғыш жалғаулықтар: ал, ендеше, яғни;
г) шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Септеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді сабақтаса (бірін екіншісіне бағындыра) байланыстырып, өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап етіп, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік қатынастарды білдіреді. Септеуліктердің жалғаулықтармен ұқсас жері – екеуі де сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады, ал айырмашылығы жалғаулықтар тең дәрежедегі бірыңғай сөздер мен сөйлемдерді салаластыра байланыстырса, септеуліктер бағындыра, сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп, жалғаулықтар сөйлемнің бірыңғай мүшесі мен салалас құрмаластың сыңарларын, ал септеуліктер сөз тіркесі мен сабақтас құрмаластың бағыныңқы мен басыңқы сыңарларын құрастырып байланыстырады.
Сөздің түбір я негіз тұлғасымен тіркесетін септеуліктер: үшін, (ермек үшін, бару үшін, бермек үшін, отырмас үшін), сайын (жиналыс сайын, барған сайын), сияқты, секілді, сықылды, тәрізді (бала сияқты, көрге тәрізді, бармақ сияқты) туралы, турасында, жайында, жайлы, жөнінде (өмір жайлы, айтыс жөнінде), арқылы (әуе арқылы, сөйлеу арқылы), бойы, бойымен, бойынша (өмір бойы, қалғыған бойымен), шамалы, шақты, қаралы (отыз шақты, жүз шамалыға мың қаралы).
Барыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т.б (үйге дейін, күзге салым, жүзге тарта, мыңға жуық).
Шығыс септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: гөрі (одан гөрі), бері (кешеден бері, ауылдан бері, келгеннен бері), кейін, соң (жұмыстан кейін, барғаннан соң), бұрын (үлкеннен бұрын), бетер (одан бетер).
Көмектес септікті сөзбен тіркесетін септеуліктер: қатар, бірге (айтумен қатар, барумен бірге).
Сөйтіп, шылаулар екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі – түбір я белгілі септік тұлғадағы зат есім, сын есім, есімдік, есімше, тұйық етістік тұлғаларымен тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. Сөйтіп барып мезгілдік, мекендік, амалдық, сбептік, мақсаттық, қатынастағы сөз тіркесін тудыруға дәнекер болады. Мысалы; Мейрам әлдекімге телефон арқылы әмір етті (Ғ.М.). Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап (А.). Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә.Ә). Жұмыстан кейін жалғыз ғана жан тыныс – осы (Ғ.Мұст). Мысалдағы арқылы септеулік шылауы телефон арқылы әмір етті дегенмен амалдық қатынаста, үшін септеулігі мал сөзін тұрман зарлап дегенмен мақсаттық қатынаста, сайын септелігі жиналыс сөзін қақсадым етістігімен мезгілдік қатынаста, кейін шылауы жұмыстан сөзін жан тыныс дегенмен мезгілдік қатынаста байланыстырып, сөз тіркестерін құрап тұр.
Екінші – септеулік шылаудың біразы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келеді де, сабақтас құрмаластың бағыныңқы сыңары мен басыңқы сөйлемді мезгілдік, мақсаттық, себептік қатынаста байланыстырып тұрады. Мысалы: Қорғана жүрерлік күнәсі болмаған соң, кеудесін жоғары ұстап келе жатыр (Ғ.М.). Жел қатайған сайын, лебі мұздаған сайын, зымыраған поезд көрдей қараңғы түнге сүңгіген сайын вагон үстіндегілер бір-біріне жабыса түсті (С.М.). Мысалдағы соң, сайын септеуліктер мезгіл бағыныңқы сөйлемді басыңқымен байланыстырып тұр. Септеуліктер орыс тіліндегі «предлогтарң деп аталатын көмекші сөздерге жақын.
Сөйтіп, септеуліктер өзі шылауында жұмсалып тұрған сөзге қосымша мән үстейді әрі оы екінші сөзбен сабақтастыра байланыстырып, сөз тіркесін құрайды немесе екінші сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет