Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісір және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыр-шақтары жоқ — жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі — қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.
Омыртқа жотасы.Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы — мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады.
Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7—100 дейіндежәне одан да артығырақ болады. Мысалы, ең азы — құйрықсыздарда — жетеу, ал аяқсыздарда жүзден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының ұзын болып, көлденең орналасқан екі өсіндісі болады. Бұған жамбас .сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықты қос мекенділер-де айқын бөлінген, аяқсыздарда аз, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Уростил эмбриональдық дәуірде бірнеше жеке омыртқалардан қалыптасатындығы анықталған.
Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы (аяқсыздарда, төменгі құйрықтыларда) амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы — процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы — опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтылар-да “жоғарғы” қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.
Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хон-дральды сүйектер дамыған: 1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері (ехоссіріtаіе), балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі (ргооtiсum) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек (sрһепеthmоіdеum) дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипатын сақтайды.
78
Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағы-нан төбе (рагіеtаlе) және маңдай (fгопtаlе) сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе-маңдай (ргопіорагіеtаlе) сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын (пазаlе) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (ргаетахіііаге) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір- жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (sgиаmоsum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (рагаsрһепоіdеиm) деп 'аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vоmег) сүйектен қүра-
лады.
Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай (раlаtіпиm) сүйегі мен қанат тәрізді (ріегуgоidеиm) сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне ке
ліп жалғасады.
Амфибилердің бас сүйегі — аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінін. астыңғы бетінде дамиды.
Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жак, (mахіllаге) сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін меккел шеміршегі атқарады, оның сыртын тіс (dопtаlе) және бұрыш (апgиlаге) сүйектері қап-
тап тұрады.
Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстінгі элементі — гиомандибуляре кішкене үзеңгі (stареs) сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есіту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады.
Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының
аралығына орналасқан.
Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтарды байқауға болады: 1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы; 2. Оның аутостикалық түрде құрылуы; 3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есіту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы; 4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцериальдық_бөлімі айтарлықтай өзгерген. Мұндай өзгерістің ңегізгі се-
79
бебі, амфибилердің жартылай кұрлықта тіршілік етуіне байла-нысты болған.