С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет36/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғаргы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жар-тысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (sсариlа) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан (согасоіdеиm) және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоцдтан (ргосогасоіdіеum) құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі (оmоstеrnиm), ал арт жағында — төс (stегnum) жатады. Бұл екі суйектін. екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын қосып тұратын жіңішке таяқша тәрізді буғана (сіаvісиlа) орналасады. Амфибилерде дамыған қабырға-лардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмай-ды.Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады.
Жаңбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалып-тасқан.Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құ-райды.Ұзын мықын сүйегі (іlіиm) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең. өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шын сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі (іsсһіиm) орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.
Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсай-ды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектёрінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егерде балықтар-дың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аятарының құры-лысы көп рычагты болады.
Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге бөлінеді: І-бөлім, алдыңғы аяқтарында — тоқпан жілік (һуrеmus), артқы аяқта-рында — ортан жілік (fеmиг) деген/бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік — иықка, ортан жілік — жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, алдыңғы аяқтары — кәрі жілік, артқы аяқтары — асықты жіліктердің сүйектерінен түрады. Бұл бөлім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік — шыбық (гаdіus) сүйегі мен шынтақ (иlпа) сүйектерінен құралады, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен (гіЬіа) және асқ жілік шыбығынан (fіbиlа) тұрады. ІІІ-бөлім, алдыңғы аяқтарында — қол басы сүйекгерінен, артқы аяқтарында — табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсы-
80
сы үш бөлімшеге бөлінеді: 1) алдыңғы аяқтары — білезік сүйектерден (сагриз), ал артқы аяқтары толарсақтан (tаіsиs) тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9—10 ұсақ сүйекшелерден тұрады; 2) алдыңғы аяқтары — алақан (теtа-сагриs) сүйектерінен, артқы аяқтары — табан (тіаіагзиз) сүйектерінен құралады. Бұл бөлімшенің сүйектері бірқатар болып орналасқан бес ұзынша сүйекшелерден қалыптасады; 3) алдынғы аяқтарында — саусақтар (рһаlапgеs dіgitогиm), артқы аяқтарында — башпайлары болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған.
Құйрықты амфибилердін, скелеті, осы келтірілген схемаға ұқсайды, ал бақалардың қаңқасы бұл схемадан өзгелеу болады. Ол өзгешеліктер: біріншіден, кәрі жілік және асықты жілік сүйектерінің элементтері кірігіп барып бір сүйекке айналады; екіншіден, білезік және толарсақ сүйектерінің көпшілік элементтері бір сүйек секілденіп қосылып кетеді; үшіншіден, артқы аяғының бірінші саусағының алдында рудиментті түрде, щосымша саусақ (ргаеһаllих) болады. Бұл ерекшеліктер, бақалардың секіріп қозғалуының нәтижесінде пайда болған. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет