С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


— алдыңғы мидың жарты шарлары



бет39/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

1 — алдыңғы мидың жарты шарлары, 2 — иіс бөлші, 3 — иіс нррві, 4— аралық ми; 5-көру хиазмасы, 6 —шатырша, 7—гипофиз, 8 — ортаңғы ми, 9—мишық, 10 — сопақша
ми, 11—-төртшші қарынша, 12— жұлын, 13 — үшшші қарынша, 14—сильвиев түтіп
84
нысты. Мидан он пар бас нервтері шығады, он бірінші пары (қосымша нерв) дамымаған, он екінші пары ми сауытынан тысқары бөлімінен шығады.
Құйрықтылардың және құйрықсыздардың жұлын нервтері, иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды. Омыртка жотасының екі жағын қуалай орналасқан, симпатика-лық нерв системасы жақсы дамыған.
Көру органдары. Жартылай құрлықта тіршілік етуіне бай-ланысты, амфибилердің көздерінің құрылысында бірнеше ерекшеліктер бар. Ол ерекшеліктер: 1. Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар. Үстіңгі және астыңғы қабақтан басқа көздің алдыңғы бұрышына орналасқан, үшінші қабақ, яғни кірпік қағу жарғағы болады. 2. Көздің мөлдір қабығының, (қасаң) пішіні балықтардікіндей тегіс болмай — дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай — линза пішіндес болады. Бұл ерекшеліктер қос мекенділердің, балықтарға қарағанда алысырақтан көрулеріне мүмкіндік береді. Мұндағы бір есте сақтайтын жағдай, амфибилер суда болған кезінде мөлдір қабық түзу болады да құрлықта дөңес пішіндес болып өзгеріп кететіні. 3. Кірпік еттерінің әсерінен, көз хрусталигі қозғалып, амфибилердің көру аккомодациясын жақсартады.
Есіту органы. Балыктарға қарағанда бұлардың есіту органы анағұрлым күрделі және дыбысты қабылдауға жақсырақ бейімделген. Бұл жоғарғы сатыдағы (құйрықсыз) амфибилерде айқынырақ байқалады. Амфибилерде, балықтардағыдай ішкі құлақ — лабиринт жарғағының болуымен қатар, ортаңғы құлақ та бар. Ортаңғы құлақ қуысының бір ұшы ауыз-жұтқыншаққа ашылады да, екінші үшы басының ең жоғарғы бетіне жақындайды. Оның сырты жұқа жарғақпен жалғасады, оны дабыл жарғағы деп атайды. Бұл қуыс иірім құрайды, оның төбесі жарғақ лабиринттің жиегіне тиіп жатады. Дабыл жарғағынан жарғақ лабиринтіне дейінгі қуыстын. жоғарғы бөлімін — дабыл қуысы деп атайды. Дабыл қуысының ішінде таяқша тэрізді сүйекше (stареs) орналасқан. Оның бір ұшы оваль тесігіне (окно), екінші ұшы дабыл жарғағына жанасады. Ортаңғы кұлақ қуысының төменгі ауыз-жұтқыншақ қуысына ашылатын бөлімі, евстахиев түтігі деп аталады.
Салыстырмалы анатомиямен эмбриология мәліметтері ортаңғы құлақ қуысы балықтардың брызгальцаларының туындысы екендігін, яғни жақ пен тіл асты доғаларының арасында жатқан — желбезек саңылауларының рудименті екендігін көрсете-ді; ал есіту сүйекшесі — тіл асты доғасының үстіңгі бөліміне — гиомандибулярге туынды болып саналады.
Аяқсыздар мен құйрықтыларда дабыл жарғағы мен дабыл қуысы болмайды, бірақ есіту сүйекшесі жақсы жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет