С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы


Олефиндердің күкіртқышқылды гидраттануы



бет28/37
Дата13.02.2023
өлшемі3,34 Mb.
#67493
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Олефиндердің күкіртқышқылды гидраттануы: Бұл олефиндердің гидраттануы бірінші және кейбір жағдайларда әлі күнге дейін сақталған әдіс болып табылады. Ол күкірт қышқылды олефиндердің алдын-ала абсорбциялануымен, моно- және диалкил- сульфаттарымен (күкірт қышқылының эфирлері) және олардың келесі ретті сулы гидролизінен тұрады.
RCH=CH2 + H2SO4 → CH3CHR-OSO2OH→ (CH3RCH)2SO4
CH3CHR-OSO2OH + H2O → RCHOHCH3 + H2SO4
(CH3RCH)2SO4 + H2O → CH3R-OSO2OH + RCHOHCH3
Қосымша полимерлену әр түрлі шарттарда жүргізіледі: күкірт қышқылының 60-тан 98%-ға дейінгі концентрациясы, 0-ден 700C -қа дейінгі температура, 0,2-ден 2 МПа дейін. Күкірт қышқылының және олефиндердің қатынасы 1 моль қатынаста алынуы үшін H2SO4 жұмсалынып, 1,2-1,3 моль олефиндерді қышқылдың шығымын азайту үшін қолданады. Бұл жағдайда судағы сульфаттың гидролизденуі күкірт қышқылына әсер етеді және реакциялық масса моно және диалкилсулфат, күкірт қышқылы, су, спир және қосымша өнімдердің қарапайым эфирімен полимерленуі әсер етеді.
Этилен және пропиленнің күкірт қышқылында абсорбциялануы екі аппаратта қолданылады. Біріншісі (31а сур) горизонталь араластырғыш абсорбер болып табылады, яғни онда үлкен дисктер орналасқан.
Абсорбердің ішкі сыйымдылығы 1/3 қатынастағы күкірт қышқылымен толтырылған, дисктер козғалған кезде тұман пайда болады, соның нәтижесінде фазалардың байланысы жоғарылайды. Реакцияның жылуы су арқылы циркулирлеу жейдесінде төмендейді. Бұл аппарат периодты түрде жұмыс істейді, бірақ каскадты қолдану бірнеше адсорберге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде үздіксіз процесс жүреді.



a-дискілі араластырғышпен горизонтальді абсорбер
б-үздіксіз әрекеттегі колонкалы абсорбер
31-сурет. Күкіртқышқылды этиленнің және пропиленнің реакциялық аппараты
Үздіксіз прогрессивті әрекет ететін колонналы түрі жоғарғы сұйықтықты тарелкалармен 20-25 аралығында жүреді(31 сурет, б). Әрбір тарелкада сұйықтық қабаты трубкалы тоңазытқышпен жалғанған, яғни салқын су циркуляция арқылы жылу бөлінеді. Колоннаның жоғарғы жағына шұғыл концентрацияда күкірт қышқылы түседі, ал кубтан реакциялық масса құрамы шығады. Этилен (немесе пропилен) сұйықтыққа қарсы бағытта түседі де, қышқылды қабат арқылы барботирленеді, әр тарелкада және колоннаның жоғарғы жағына қоспаның инертті газы шығып кетеді. Колоннаның жоғарғы жағында насадка орналасқан.
Бірінші стадияда реакциялық массада алынған зат гидролиз сульфатына барып түседі. Сұйықтықты сумен бұзып және бумен қыздырады, тоққа спиртпен, қарапайым эфирмен, полимермен айдайды. Оларды тұндыру және ректификация арқылы бөледі де, мұнда шығымы 90% спирт алынады. Күкірт қышқылының гидролизінен кейінгі қалған концентрациясы 40-50%. Оны аммоний сульфатын алу үшін қолданады немесе концентрациялайды, яғни адсорбцияны қайтару үшін және рецеркуляцияны реттеу қызметін атқарады.
Бұл қышқылдарды жұмыс жасау барысында және утилизация қызметі олефиндердің күкіртқышқылды гидратациясының басты кемшілігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет