С. Сабитқызы туа біткен иммунитет факторы мен механизмдері


Хемотаксис – қоршаған ортадағы химиялық градиент хемотрактанттарға фагоциттердің  мақсатты қозғалысы. Адгезия



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата03.02.2023
өлшемі363,09 Kb.
#64980
1   2
Байланысты:
tua

Хемотаксис – қоршаған ортадағы химиялық градиент хемотрактанттарға фагоциттердің 
мақсатты қозғалысы.
Адгезия (жобалау, бекіту ) – белгілі рецепторларымен байланысты, алайда 
бейспецификалық физико-химиялық заңдармен жүруі мен мүмкін. Екі түрі бар : селектиндер – 



адгезия молекуласының сыртқы жиынтығы, көмірсу құрлымының клеткаларының әсері арқылы 
байқалады. Интегриндер – молекулалардың үлкен тобы, ақуыз-ақуыз қатынасы арқылы 
байланысады. Олар α және β полипептидтік тізбек құрады. 
Эндоцитоз – маманданған фагоцитоздың негізгі физиологиялық функциясы. Фагоцитоз 
диаметірі 1 мкм сіңірсе, пиницитоз одан кіші молекула мен бөлшекті сіңіреді. Фагоцитоз 
көмірсудың инертті бөлігін , карминдерді жалмап алуға қабілетті. 
Ішкі клеткалық қорыту жұпталған бактериялар және т.б. объектілердің көп мөлшері 
айқындалғаннан кейін басталады. Ол фагасом мен лизосом қосылу нәтижесіндегі фаголизосомада 
өтеді. Фагоцитке «ұсталған» микроорганизмдер микробиоцитті механизм жібергеннен кейін 
өледі. Оттегіне тәуелді микробиоциттік механизмдар бар, олар “қышқыл жарылыссымен” 
байланысты негізгі орталығы ақуыз, фермент (бірге лизосом), фагосомаға лизосомамен қосылған 
соң түседі. Ішкі клеткалық микроорганизмдер фагоциттерге ұсталса онда фагоциттер олардың 
вирулеттілігі мен ішкіклеткалық паразитизмге байланысты ажыратады.
Анықталмаған фагацитоз. Көптеген вирулентті бактериялар өлмей фагоциттердің ішінде 
үнсіз тіршілік ете береді. Факультативті және облигатты ішкі клеткалық паразиттер эндоцитоздан 
кейін фагоцит ішінде өмірін сақтап, фагоцитте дами отыра, олардың бұзылуы мен өліміне алып 
келеді. 
Макрофагтардың қызметін көрсететін микроорганизмдердің сыртқы мембранасын 
антигендік эпитоптары мен фиксациялардан тұрады.
Секреторлық қызметі – фагоцит секрецияының биологиялық белсенді заты цитокинге 
байланысты. Оған қатысты заттар пролиферация, дифференцияция, фагоцит қызметтері, 
лимфоциттер және фибробласттар, т.б. клеткалар реттегіш қызмет атқарады. Олардың арасында 
макрофаг секрецияын атқаратын интерлейкиннің орны бөлек. Ол Т- лимфоцит, соған қоса 
интерлейкин 2 (ИЛ-2) өнімін белсендендіреді. 
ТАБИҒИ КИЛЛЕР КЛЕТКАЛАР. Адам мен жануар ағзасында лимфоцит тәрізді клеткалардың 
популяциясың қызметі “нысана” клеткаларға табиғи цитотоксикалық қатынаста болады. Олар 
табиғи клеткалар (ТК) деген атау алды. ТК ісікке, вирусқа, паразиттерге қарсы клеткалар. Олар өз 
қызметтерін паразиттер ойламаған жерде(спонтанно) шабуылдап, қоздырушыларды өлтіруге 
қабілетті. ТК-ң негізгі қызметі – ісікті бақылау. Адам қанында ТК 2-12% 
ГУМОРАЛДЫ ФАКТОРЛАР
Лизоцим – термостабильді ақуыз. Ол ағзаның ұлпалық сұйығында: жас, сілекей, 
перитониальді сұйықта, қан сарысуы мен плазмада, лейкоциттерде, ана сүтінде, т.б. кездеседі. 
Моноцит пен макофагтар – лизоцим өндіреді. Ол бактерияларда лизис туғызады, патогенге қарсы 
белсенді, ал вирустарға әсерсіз. Шырышты қабықтың жарақаты тез жазылуы осымен түсіндіріледі.
Комплемент жүйесі деп – қан сарысу ақуызының жүйесінде гомеостазды қалыпты ұстауға 
маңызы зор көп құрылымды. Өзін жинақтауда белсенді, бөлек ақуыздан жинақталған құрлымға 
қосылып, комплемент пен комплемент фракциясын құрайды. Мұндай фракциялар тоғыз. Олар 
бауыр клеткасының мононуклеарлы фагоциттердін өнімі, қалыпты қан сарысуында 
мононуклеарлы фагоциттермен құрамына енеді. 



Комплементтің жүзеге асуынын екі жолы бар: классикалық және альтернативті. 
Комплемент фракциясының классикалық және альтеранативті жолының эффекторлық қызметтері: 
Мембрана қабылдаушы комплексінің спецификалық антиденесі - “нысана” клеткасына 
цитолитикалық және цитотоксикалық әсер етеді; 
Анафилотоксин иммуно потологиялық реакцияларға қатысады; 
Комплемент құрлымы иммундық комплемет физико-химиялық қасиетін өзгертеді, 
агрегация дәрежесін төмендетіп, олардың фагацитозын Fc – рецепторы арқылы тиімділігін 
арттырады; 
C3b фрагмент фагацитоз арқылы қорғаныс қызметін атқарады;
C3b, C5a және Bb хемотрактант қасиетіне ие. 
Сау денеде комплемент көп қолданыста, сол себепті комплемент жүйесіндегі ақуызды 
катабализм жылдамдығымен жаңарады. Инфекция, иммуннопаталогиялық жағдайда т.б. 
паталогияларда комплементті қызметі қарқындалады. 
ЖОҒАРЫ ФАЗАДАҒЫ БЕЛОКТАР. Зақымдаушы реакциялардан қорғаныс: зақымдану, 
онкогенез, жүктілік кезінде ағзада жоғары фазадағы ақуыздың бөлінуі артады. Жоғары фазадағы 
ақуыздар деп – фагоцитозға қабілетті, комплементтің белсенділігі, зақымдалған ошақта 
антимикробты іс-әрекеттегі кезіндегі үлкен шоғырланған ақуыздарды атайды. 
ЦИТОКИН деп – клетка аралық қатынастағы медиаторлар туа біткен және жүре пайда 
болған иммуниттетке жатқызады, себебі ағзаға қажетті өмірлік фукциялармен байланыста 
болады.
Цитокиндер – ағзаның әр түрлі клеткаларының өнімі болып табылатын және сол 
клеткаларға әсер ететін, гормон тәрізді клеткалардың медиаторлы тобы. Цитокиндер -
аутокриндер, паракриндер немесе система аралық сигналдарға әсер ететін пептид немесе 
гликопротеид.
Кейбір цитокин өнімін реттеушілер мынадай түрде қалыптасуы мүмкін:
- әр клетка әртүрлі цитокиндерді бөледі; 
- әрбір цитокин кез-келген клетканың өнімі болуы мүмкін; 
- бір цитокин әр түлі нәтижелі қызметке ие;
- цитокин “нысана”-клеткасының стимуляциясын арттыра да, бәсендете де алады;
- әрбір клетка кез-келген цитокинге рецепторлары бар және соған сәйкес бір уақытта 
бірнеше цитокиннің әсеріне ұшырауы мүмкін;
- бірнеше цитоплазманың клеткаға әсері энергетикалық немесе антогонистік болуы 
мүмкін;



- цитокин рецепторлары клеткадан ажырап және клеткадан тыс кезде қосыла алады. Бұл 
кезде бос рецепторларды сәйкес келетін цитокиндермен байланыстырады,ал ол өзі клетка 
рецепторымен қатынасын тежейді;
цитокиндер және олардың рецепторлары клеткада және клеткадан тыс ортада күрделі 
функционалды жүйе құрайды, нәтижесінде цитокиндердің өзара және басқа цитокиндермен 
қатынасына тәуелді;
цитокиндер 0,001 мкг/мл төменгі концентрацияда әсер етеді. Әсер етуіне цитокиннің 10% 
клеткалық рецепторлар қатынасы жеткілікті. 
Интерлейкин топтары он жеті цитокиндерден, көпшілігі спецификалық иммунитетті 
дамытады. Макрофаг пен моноциттің өнімі болып табылатын ИЛ – 1 иммундық жауап индукциясы 
кезінде лимфо пролиферациясын өткізеді. ИЛ– 1 нейтрофилге әсер етіп хемотаксис, метаболизм, 
лизоцим мен лактоферонды белсендендіреді. Гипоталамустық терморегуляциялық центр цитокин 
мен эндогендік пироген әсерінен лихорадка пайда болады.ИЛ–2 Т лимфоциттің өнімі. Өзі басқа 
интерлейкиндермен ИЛ–1, ИЛ–4 интерферон, ісік некрозының факторының (ІНФ) белсенді 
антигені болып табылады. ИЛ–3 гемопоэтикалық түзуші клеткалардың пролеферациясын реттейді. 
ИЛ–4 В лимфоцит өсу факторы, антидене қалыптастыруда IgE өнімі, лимфоцитті белсендендіріп, 
ИЛ–5 пен ИЛ–10 қалыптастырады, T
2 белсенділігін бәсендетеді және иммунитеттен 
реакциясын қалыптастырады. ИЛ–6 және ИЛ–7 В клеткалары мен иммунитеттің гуморальді 
формадағы жауабын белсендендіреді. Биотехнологияда ИЛ–6 гибридті өсіру қолданады. Т 
клетканы дифференциялайды, ЕК мен керотиноцитті белсендендіреді. ИЛ–8 аурудың асқыну 
кезіндегі мықты фактор, асқынған және үнемі жүретін аурудың реакциясының индукторы. ИЛ–9 Т 
лимфоцитті пролиферациясын реттеуші. Оған ұқсас ИЛ–15 және ИЛ–16. ИЛ–10 Аурудың асқыну 
мен иммунитеттік цитокинін басады. ИЛ–11 гемо-, лимфопоэза және түзуші клетканың 
стимуляторы. ИЛ – 11гемо- және лимфопоэза клеткаларын түзуші клетканы белсендіру арқылы 
реттейді. ИЛ –12 ИЛ–10-ның функциональді антогонисі, Т
1, ЕК-ні белсендендіреді. ИЛ –13 
нәтижелігіне қарай ИЛ–4 жақын, бірақ Т – лимфоцитті белсендіреді. Оның нысанасы моноциттер, 
макрофагтар, В-клеткалар және ЕК. ИЛ –14 В клетканың есте сақтау қабілеті мен В-лимфоциттің 
пролифирациясын белсендетеді. ИЛ –15 ИЛ–2 ге ұқсас. Т – лимфоцит пен ЕК-нің өсу факторын
қамтамасыз етеді. ИЛ –16 CD8+ лимфоцитпен секреттеледі. Вирустардың реплекациясын басып, 
адамның иммунно-дефицитін арттырады. ИЛ –17 ИЛ–6, ИЛ–8 және ІСАМ адгезия молекуласының 
өніміне көмекші. 
ӨСУ ФАКТОРЫ – глипопротеиннің үлкен топтары, түзуші клеткамен пролифирациясын 
реттейді. Олар әр түрлі клетканың өнімі мен клетканың әр түрлі кезеңімен дамуына әсер етеді. 
Трансформациялы өсу факторы бірнеше қызметті, олар “анти”-цитокин ретінде әсер етеді.
ИНТЕРФЕРОНДАР(ИФ) – антивирустік агенттер ретінде аталған. Кейін олардың иммуно-
реттеушілері табылды. Түрлері: ИФ-α, ИФ-β, ИФ-γ. 
ИФ-α лимфоцит өнімі, антивирустік, анти пролифератты және ісікке қарсы әсер етеді. ИФ – 
β фибробластар нәтижесінде түзіледі, ісікке қарсы, антивирустік әсеретеді. ИФ-γ- Тхелппердің 
өнімі және CD8+,Т- иммундық лимфоцит болып табылады. 
ЦИТОКСИНДЕР - ісік некрозы факторы осы атпен аталған, бактерия токсинің реттеуші, ісік 
ұлпаларын да энтертоксикалық әсер шақырады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет