☺
әрбір шағын топтың мүшелері өкілін немесе төрағасын сайлайды,
олар пікірталас барысында
өз топтарына қолдау көрсетеді, позициясын
қорғайды;
☺
15-20 минут барысында шағын топта проблемалар талқыланады
және
ортақ ұстанымға келеді;
☺
топтардың өкілдері (төрағасы) шеңбердің ортасына жиналады және
топтың ойын айтуға олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады. Басқа
студенттер шағын топтың өкілдерінің жалпы позицияны қаншалықты
қорғай алатындығын және талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды.
Олар жеке ойларын айта алмайды тек қана талқылау барысында өз пікірлерін
білдіретін жазбаларын ғана жолдай алады.
☺
топтардың өкілдері басқа мүшелермен ақылдасу үшін үзіліс (тайм-
аут) ала алады.
☺
пікірталас аяқталғаннан кейін топтардың
өкілдері талқылаудың
барысы туралы сыни пікір білдіреді, ал шешім барлық студенттермен біріге
отырып қабылданады.
Сұрақтар шеңбері
Бұл әдіс студенттер бойында идея білдіру, тыңдау
дағдыларын дамытуға бағытталған,
сондай-ақ
барлықтарын қатыстыру арқылы оқыту
жағдайларын теңестіруді көздейді.
Жүргізілу барысы. 4-5 адамнан тұратын шағын
топтар құрылады. Тақырып, мәселе немесе сұрақ ұсынылады. Талқыланатын
мәселе бойынша ойларын жинақтауға уақыт белгіленеді.
Белгіленген уақыт
өткен соң талқылау басталады, студенттер кезектесіп сөз сөйлейді. Әр
студентке үздіксіз сөз сөйлеу үшін үш минутқке дейін (немесе өзге уақытты
таңдаңыз) уақыт беріледі. Бұл уақытта сөз берілген студенттен басқа ешкім
ешнәрсе айта алмайды. Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен кейін жалпы әңгіме
жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріледі.
Бұл кезеңде
студенттердің өзінің жеке идеяларын емес, біреудің айтқандарын негізге ала
отырып сөйлеуге тиіс екенін алдын ала ескертуді ұмытпаңыз, сонымен қатар
әңгімені қорытындылау кезеңінде олар жаңа идеяларды енгізе алмайтындығын
еске салу қажет. Берілген сұрақ төңірегінде ғана ой өрбітеді. (Брукфильд және
Прескиль, 1999).
87
Аялдама
Жүргізілу барысы:
☺
бөлмеде индикаторлары, түрлі-түсті
қағаз және
қаламдар бар бірқатар аялдамалар белгілеу керек
(немесе әр топқа әр түсті қалам беріңіз, осылайша кім қандай үлес қосқанын
көре аласыз). Әр аялдаманың атын жазуға да болады немесе әр шағын топ өзі
атау береді.
☺
Әр топты өз аялдамасының жанына отырғызу қажет. Оларға талас
тудыратын мәселені талқылап, өз идеяларын флипшартқа немесе тақтаға жазу
үшін 10 минут уақыт беріледі.
☺
Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа аялдамаларға сағат
тілі бағыты бойынша ауысып отырады.
☺
Ауысқан аялдамада бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге
ала отырып, талқылауды жалғастырады.
☺
Барлық топтар
аялдамалардың бәрінен өтіп, өзге топтардың
түсініктемелерін қарастырып, жаңа идеялармен танысады.
Бұл әдіс студенттердің өзгелердің идеясына сүйеніп, мәселені толығымен
қамтуын көздейді, сондай-ақ олардың
белсенді болып, жылдам қозғалуын талап
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: