С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап)



бет75/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап)

Интеллектуалдық меншіктің түсінігі Қазақстан Ресаубликасы Азаматтық кодексінің 125-бабында берілген, заңға сәйкес интеллектуалдық меншік деп заң бойынша қорғалатын адамдардың кез келген саладағы бағыты мен құндылығына қарамастан шығармашылық қызметінің нәтижесін айтамыз. Заңда интеллектуалдық меншікке авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісі, өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі жатады деп белгіленген.


Қылмыстық кодекстің 184-бабында: «Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні заңсыз пайдалану, ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы үлгінің немесе өнеркәсіптік үлгінің мәнін олар туралы мәліметтерді ресми жариялағанға дейінгі автордың немесе жариялаушының келісімінсіз жұртқа жаю, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе қосарлас авторлыққа мәжбүр ету, егер осы әрекеттер пайда келтіру мақсатымен жасалып, ірі зиян келтірсе», интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу деп көрсетілген. Қылмыс құрамының объектісі болып авторлық құқық, сабақтас құқықтар, өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіп үлгісіне қылмысты қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Қылмыстың заты болып авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар, өнертабыс, пайдалы үлгі, өнеркәсіп үлгісі, яғни бөтеннің ғылыми, шығармашылық, көркем, музыкалық және әдеби шығармасын немесе кинофильм, бейнежазба шығармаларын, композиторлардың, ақындардың, жазушылардың немесе өнертабыс, творчестволық шығармалары болып табылады. Жәбірленушілер болып авторлық құқық иесі, оның мұрагері немесе өнертабыстың, ғылыми жаңалықтың авторы, пайдалы үлгінің иелері танылады.
Қылмыс объективтік жағынан бірнеше балама іс-әрекеттерді істеу арқылы жүзеге асырылады: а) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану. Бұл жерде заңсыз деген ұғым автордың немесе оның мұрагерінің келісімінсіз және қолданылып жүрген құқық нормасына қайшы түрде оның шығармасын шығару немесе тиражын көбейту, пьесасын, басқа да шығармаларын қоюды немесе орындалған шығармалардың жазба нұсқасын немесе кассеталарын таратуды айтамыз;
б) өнертабысты, пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні заңсыз пайдалану-бұл нормативті актілердің немесе келісім шарттардың талаптарына қайшы түрде автордың келісімінсіз немесе оған хабарласпай, авторға тиесілі ақыны төлемей оның жоғарыда көрсетілген шығармаларын өндіріске немесе пайдалануға беру немесе заңмен, нормативтік актілермен тыйым салынған өзге де мақсаттарға пайдалануды білдіреді;
в) ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың, пайдалы үлгінің немесе өнеркәсіптік үлгінің мәнін жариялау дегеніміз объектілер туралы мәліметтерді автордың немесе жариялаушының келісімінсіз ресми түрде жұртқа жаю болып табылады;
г) авторлықты иелену дегеніміз-бөтеннің шығармасын өз атынан толық немесе ішінара түрде шығару болып табылады;
д) қосарлас авторлыққа мәжбүрлеу деп-шын авторға әр түрлі тәсілдер, амалдар қолдану арқылы оны, басқа біреуді өз шығармасына автор етіп қосуға мәжбүр ету, көндіруді айтамыз. Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі болып қылмыстың зардабы-ірі зиян келтіру болып табылады.Қылмыс құрамы материалдық.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет