Ақын шығармашылығы жайлы бірнеше кітаптар мен мақалалардың авторы. Арап Сіләмұлы - 1945 жылы ұлылардың мекені Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауылда дүниеге келген. «Дарақ бір жерде көгереді» демекші бүкіл саналы ғұмырын туған еліндегі білім ордасында абыроймен атқарып келе жатқан ғалым-ұстаздың халық тарихындағы еңбегі ұшан-теңіз. А.Сіләмұлы әдебиеттанушы ғалым ретінде ғылымды дәріптеді, ұстаз ретінде шәкірттер тәрбиеледі. Ғылымға деген адалдығы, тазалығы, парасаттылығы, әділдігімен еліне танылған тұлға.Сыр бойылықтар үшін де ғалым-ұстаздың орны ерекше. Арап Сіләмұлының Қызылордалық үш бірдей ғалымның (Б.Кәрібозұлы, Ұ.Н.Жанбершиева, А.Е.Айтбаева) ғылыми жұмыстарына ресми оппонент болып бекітіліп, оны сәтті қорғап шығуларына ықпал етуін үлкен азаматтығы, ағалық қамқорлығы деп білеміз. А.Еспенбетовтің ұланғайыр ғылыми еңбегі жайлы ой түйіндеу оңайға түспесін білемін. М.Базарбаев: «Мұхаңа (Әуезовке) лайық төрелікті айту үшін, оның дәрежесіне көтерілу шарт. Биіктен бәрі анық көрінеді» деген екен. Абай хакім айтпай ма: «Бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз. Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз?».Олай болса, қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саласында қыруар ғылыми ізденістер жасап, халқының құрметіне бөленіп, кемел 70 жасқа келіп тұрған тұста Сыр бойылықтар да көрнекті ғалым Арап Сіләмұлының қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі жайлы бір-екі ауыз әңгіме қозғауды жөн ге санадық.
Сұлтанмахмұт мұраларын жинау, бастыру, зерттеу ісінің ұзақ тарихы барлығын, оның басында Ж.Аймауытұлының тұрғандығын әдебиетші қауым түгел білмекке керек. 1926 жылы Ж.Аймауытов жазған ашық хатында: «Сұлтанмахмұт елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан , ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін!»,-деп ақынның мұрасын жинап, бастыруға атсалысуға шақырған. Сол бір ашық хаттан кейін де, қаншама жылдар өтсе де сұлтанмахмұттану мәселесі күн тәртібінен түскен емес.Сұлтанмахмұтты көптеген зерттеушілеріміз Абай шәкірті, дәстүрін жалғастырушы деген пікірлер білдірді. М.Әуезовтің: «Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне қосу орынсыз. Жақсы болсын, жаманы болсын бұл ақын басқа дәуір, басқа тарихтық, әлеуметтік салт-саналық жай-жағдайлардың өзіне бөлек, өзінше бір үлкен өкілі. Оны Абайдың шәкіртіне қоссақ, революцияға дейінгі барлық жазушыларды да Абай шәкіртінің қатарына тізе беруге болады. Сұлтанмахмұтты бөліп алып,
Достарыңызбен бөлісу: |