Осы оқу құралын оқып зерделегеннен кейін сіз мыналарды білетін боласыз:
желілік технологиялар туралы жалпы мәліметтерді;
есептеуіш желілердің түрлерін, олардың жұмыс істеу қағидаларын;
негізгі желілік хаттамалар мен қызметтерді;
желілік жабдықтың негізгі компоненттерінің қолданысын;
Интернет ғаламдық компьютерлік желісінің терминдері мен анықтамаларын;
аппаратпен қамтамасыз етуге, бағдарламалық компоненттердің қолданысына
және конфигурациясына қойылатын талаптарды;
Интернет желісінің құрылымы мен ақпараттық ресурстары, провайдерлердің
функциялары мен міндеттері туралы мәліметтерді;
Интернетте дербестендіру қағидалары, веб-сайттар мен интернет-
парақшалардың құрылымдары мен функциялары, каталогтармен және іздестіру\
жүйелерімен жұмыс жасау ерекшеліктері;
желілік өзара әрекет етуді, интернетте қарым-қатынас құралын ұйымдастыру
қағидасы;
Интернетте жұмыс жасаудың этикасы мен қауіпсіздігі туралы бастапқы
мәліметтерді.
Осы оқу құралын оқып зерделегеннен кейін сіз:
Windows операциялық жүйесінің негізгі желілік хаттамалары мен қызметтерін
орната және баптай аласыз;
жергілікті желіні Интернетке қосу үшін бағдарламалық жасақтаманы дұрыс
орната және баптай аласыз; жергілікті желілердің қанағаттанарлықсыз жұмыс
істеу себептерін іздей және жоя аласыз;
қол жетімді желілік жабдықты тиімді пайдалана, жергілікті желіні диагностика
жасай аласыз;
электрондық пошта арқылы жұмыс істей алатын боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: