Жергілікті желілерде сымсыз байланыс әдетте ноутбуктарды және дербес қалта
компьютерлерді (ДҚК) қосуға пайдаланылады. Сонымен қатар, сымсыз байланыс
жергілікті желілерді біріктіруге және Интернетке қосылу үшін қолданылады.
Сымсыз кіру нүктесі сымсыз құрылғылар мен «қарапайым» желі арасындағы
байланысты қамтамасыз етеді. Сымсыз құрылғылардың (1.18-сурет) басқа түрлерінің
байланысында (сыртқы немесе ішкі) жергілікті желілік кабель мен антенна арқылы LAN
қосылатын коннектор бар.
Сымсыз желі адаптері қарапайым адаптерге өте ұқсас, бірақ оның орнына
кабельге арналған жалғағыштың антенналы жалғағышы қолданылады. Сондай-ақ,
антеннаны құрылғыға да салуға болады (1.19-сурет).
Кейінгі уақытта бірнеше функцияларды орындайтын біріктірілген желілік
құрылғылар көп және кең таралған. Мысалы, модемді, маршрутизаторды, коммутаторды
және сымсыз кіру нүктесін біріктіретін құрылғылар бар.
" 1.J Жергілікті желілердің аппараттық ресурстары
Бұл – жергілікті желілер салынып, қызмет көрсету функцияларын орындай
отырып, бұрын қаралған жабдықтар. Басқа жұмыс жасамай, компьютерлерді жергілікті
желіге біріктіру мүмкіндігін ғана қамтамасыз етеді. Жергілікті желі көмегімен қандай
құрылғыларды біріктіруге болады?
Сервер– өз ресурстарын басқа компьютерлерге – жұмыс станциялары мен басқа
серверлерге беретін арнайы компьютер.
Жұмыс станциясы– жергілікті желідегі компьютерлердің көпшілігі, олар тікелей
жұмыс істейтін және қолданушы бағдарламалары орындалады. Ең қарапайым
жағдайларда, жұмыс станцияларынан басқа жергілікті желіде басқа құрылғылар жоқ.
Принтер– ақпаратты басып шығаратын құрылғы. Компьютерлерді жергілікті
желіге біріктіру желінің барлық пайдаланушыларына бір принтердің болуына мүмкіндік
береді. Бұл желідегі кез келген компьютерден ақпаратты басып шығаруға мүмкіндік
береді.
Сканер–
мәтінді және суреттерді сканерлеуге арналған құрылғы. Принтер
Достарыңызбен бөлісу: