Интернеттегі ресурстардың мекен-жайлары. Интернеттегі әрбір ресурс – құжат,
файл, суреттер – арнайы URL мекен-жайы бар (Universal Resource Locator). URL
бойынша сіз сұралған файлдың интернетте қайда орналасқанын, оның атауы не қол
жеткізу жолын анықтай аласыз. URL мекен-жайында келесі пішім бар:
<кіру хаттамасының аты>://<компьютердің аты>/< папкаға жол>/ < файлдың аты>.
Мысалы:
http://www.microsoft.com/windows/default.mspx.
Бұл
URL
www.microsoft.com серверіндегі http хаттамасына қатынасу арқылы алуға болатын
default.mspx файлының сілтемесін сипаттайды. Файл / windows папкасында орналасқан.
URL-та көбіне файл атауы болмайды, әдетте, бұл –бастапқы («root») сервер
беттері. Бұл жағдайда, серверде әдепкі файл атауы бар және бұл URL сұралғанда,
пайдаланушыға бұл файл беріледі. Әдепкі файл атауы серверлер үшін олардың
конфигурациясына қарай әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан файл атауынсыз URL мекен-
жайын көрсету мүмкіндігі өте ыңғайлы: пайдаланушы сервердің бастау бетінің URL
мекен-жайын түрлендіреді және серверде бұл бетті қалай файлға шақыратынын білу
қажет емес.
Мысалы: http://www.microsoft.com/. Бұл URL www.microsoft.com серверінің басты
бетіне сілтеме жасайды. Бұл жағдайда пайдаланушы файлдың қалай аталатынын білуді
және есте сақтауды қажет етпейді: index.htm, index, html, default.htm немесе басқаша.
Достарыңызбен бөлісу: |