С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух


  Веб-сайттарды әзірлеуге арналған ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

 
1.1. 
Веб-сайттарды әзірлеуге арналған ұсыныстар 
Сіз құжаттарды жай алып, жариялай алмайсыз. 
Барлығы пайдалана алатын үдерістер мен жүйелерді әзірлеу кезінде дәл өзара 
әрекетке қол жеткізу қажет. Бірнеше кеңесті қабылдау пайдалы. 
Тапсырманы оңайлатыңыз. Негізгі мақсатқа сай құруға, әсіресе әзірлеудің бірінші 
кезеңінде бар назарды аударыңыз. 
Бірінші кезекте негізгі міндеттердің шешілуін ойлаңыз және сайттың басты 
пайдаланушыларын белгілеңіз. 
Ереже бойынша, үш топқа сай бейімделген: құжат авторларына, ақпаратты 
қарайтын ішкі және сыртқы пайдаланушыларына. Сайттың соңғы нұсқасын әзірлеу 
кезінде сыртқы пайдаланушыларға максималды басымдық беріледі, одан кейін ішкі 
пайдаланушылар мен құжат авторларына кезек беріледі. 
Ақпаратты дұрыс басқару үшін веб-сайттың құрамы мен құрылымын ойластыру 
керек, оны құруға ақпаратты жинау, сақтау, алмасу және таратумен айналысатын 
қызметкерлерді тарту керек. Сайт оқырмандары қажетті ақпаратты тез алуы үшін сайт 
бойынша навигация жүйесін әзірлеу керек: материалдар қорытындысын қамтамасыз ету, 
қиыспалы динамикалық сілтемелер ұйымдастыру қажет. 
Сайтты сәтті іске қосқаннан кейін оны жетілдіру мен кеңейту қажеттілігіне дайын 
болыңыз. 
Тез жүктелетін элементтерді қолданыңыз. Адамдардың сайттан шығып кетуі 
(немесе оны мүлдем қарамауының) себептерінің бірі ақпараттың тым ұзақ жүктелуі. 
Сайтыңызды көрер көзге тартымды етіңіз. Бұл парақшаны сәйкесінше форматтау 
кезінде мүмкін болады.
Бәрін бір парақшаға сыйдыруға тырыспаңыз. Өз парақшаңызды аса көп көлемдегі 
ақпаратпен толтырмаңыз. Үлкен көлемдегі мәтінді компьютер экранында қабылдануы 
қиын екенін ойлаңыз, өз парақшаңызды осыған сәйкес мазмұнмен толтырыңыз. Парақша 
жиегін ұлғайтып немесе мәтінді кестемен орналастырып, бос кеңістік қосып көріңіз. 
Парақшада графиканы орналастырып, оның негізгі мақсат ретінде немесе безендіру 
ретінде қызмет ететінін анықтаңыз. Бірақ кейде әдемі графиканың өзі мақсат бола 
алатынын ұмытпаңыз. Идеалды деген веб-сайт жақсы көрініп, пайдалы ақпараттан 
тұратын және қарауға ыңғайлы болуы керек. 
Ақпаратты маңыздылығына қарай орналастырыңыз. Маңызды ақпаратқа жеңіл қол 
жететін етіңіз. Сайтыңызда қосымша парақтың бірнеше деңгейі болуы мүмкін екенін 
ұмытпаңыз. Қосалқы материалдарды тақырыптық топтар бойынша реттеңіз. 
Сайтта навигация батырмасын қарастырыңыз. Көптеген әзірлемешілер сайттың 
түрлі бөлімдерін көрсететін батырманы қолданады. Бұл батырмалар, әдетте, сайттың 
барлық парақшасында болады және парақшаның бір жерінде мықтап топпен орналасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет