Процессорлық плата әртүрлі қателерді табу мен оларды коррекциялаумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар таймерді бақылаумен қамтамасыз етеді. Ол аз жылдамдықты шина және жоғары жылдамдықты шина интерфейсімен жабдықталған. Жоғары жылдамдықты шина 20 паралельді АЖ-дан және процессор интерфейсін терминалды сұлбаға қосу үшін, мәліметтер алмасу үшін 16 желіден құралады.
БҚ-ның программалық қамтамасыз етуі ОЗУ-да сақталынады. Процессор 1(4) Мбайт жадыдан тұрады, ол 256 Кбайт бойынша динамикалық ОЗУ микросұлбаларымен қамтамасыз етілген.