Sa бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың ортасынан бастады. Pis



бет2/4
Дата19.02.2022
өлшемі39,35 Kb.
#25900
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
пиза

Математикалық сауаттылық

РISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған  тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқа да математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады.

15 –жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адам өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделі, саналы азамат жасайтын қажеттілігін қанағаттандыру үшін математиканы қолданып білу» деген түсінікті береді.

Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабілеттіліктері жатады:



  • қоршаған ортада пайда болатын және математика арқылы шешуге болатын;

  • мәселелерді тани білу;

  • бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;

  • бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;

  • шешімдерде қолданылған әдістерді талдау;

  • қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;

  • шешімдердің нәтижелерін құрастырып жазу.

PISA зерттеуінде оқушыларға қазақстандық мониторингтік зерттеулерге тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдау талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және т.б. туралы мәліметтер ұсынылады.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес, әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:



  • сандар;

  • кеңістік және форма;

  • өзгерістер мен қатынастар;

  • белгісіздік.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі, осы аталған мазмұнды бөлімдермен қатар «математикалық құзыреттіліктің» даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзіреттілігі зерттеуде «тұлғаның математикалық білімдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады. Зерттеуде үш математикалық құзіреттіліктің деңгейлері қарастырылады: елестету деңгейі, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейі.

Тұсқағаз

Болат өз бөлмесіндегі бір қабырғаның тұсқағазын ауыстырмақ болды. Ол қабырғаның ұзындығы 4 м, ені 2м 50 см. Тұсқағаздың суреттерін сәйкестендіру үшін әр тіліктен 20 см не жоғары шығару керек, не төмен түсіру керек.



Ескерту: Әр орамның өлшемі: 0,5 метр х 10 метр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет