Сабақ №: 16 Тақырып: Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні



бет2/3
Дата01.02.2023
өлшемі59,85 Kb.
#64411
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Митоз тақырыбына арналған сабақ жоспары

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру




Клетканың бөлінуі Бөліну нәтижесінде пайда болған клетканың тіршілігі тоқтағанға дейінгі немесе оның келесі бөлінуіне дейінгі кезеңі тіршілік циклі болады.
Эпидермистің (жапырактардың сыртындағы жабын ұлпа), сүйек- ішкі ұлпаларының, аш ішектің ішкі бетіндегі эпителий. Ондай клеткалардьш бөлінуге даярлык жасап,бөлініп, жаңа ұрпақ клеткаларының түзілуімен аяқталатын процес жиынтығын митоздық цикл деп атайды. Митоздык циклдаярлық кезеңнен (интерфаза) ж\е митоздык бөлінуден тұрады.Даярлық кезещнде немесе интерфазада жас клеткалар ұлғайып,өсіп, қаркьінды түрде нәруыздарды, АТФ-ты синтездей бастайды.осы кезенде ДНҚ молекуласы екі еселенеді. Өйткені бөліну нәтижесінде түзілген клеткаларға ДНҚ теңдей екіге бөлінеді. Мұнын. биологиялык мәні — тұқым қуалау материалын ұрпақтан-ұрпақка тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.ДНҚ синтезі бактерияларда бірнеше минутқа, үтқоректілерде-12 сағатқа созылады. Клетканың өсуі тоқтап, митоздык бөліну басталады.
Митоз. Митоз төрт фазадан түрады; профаза, метафаза, анафаза, телофаза
Профазада ядроның мөлшері ұлғаяды, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды, Қосарланған центриоль екі полюске тарылады. Хромосомалардың ширатылуына байланысты аРНҚ-нын синтезделуі тоқтайды. Полюстердің арасында бөліну ұршығының кіпшелері түзіледі. Хромосомалардың ширатылуы, жуандауы жалғасады. Ядро қабыкшасы еріп, хромосомалар цитоплазмада ретсіз орналасады.
Метафазада хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді. қосарған хромосомалар экваторға жылжиды. Әрбір хромосома центромерасы арқылы байланысқан, екі хроматидадан тұрады. Олар центромераларымен беліну ұршығына жалғанады.
Анафазада әрбір хромосоманын центромерасы бөлінеді. Центромераларға бекінген ұршыктың жіпшелері хроматидаларды полюстерге тартады. Сөйтіп, анафазада хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен ажырап, полюстерге жинақталады. Олар енді хромо-сомаларға айналады. Түзілген клеткалардың әркайсысында хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.
Телофазада полюстердегі хромосомалар таратылып, жіңішкереді, көзге айқын көрінбейді. Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар клеткаларында цитоплазма екіге бөлінеді. Өсімдіктер клеткаларында цитоплазманың ортасында жарғақша түзіліп, біртіндеп шетіне қарай жылжьш, клетканы екіге боледі. Содан кейін целлюлозалы клетка қабыкшасы түзіледі.
Митоздык бөліну 0,5—3 сағатқа созылады. ұрыктанған жұмыртка клеткасы — зигота осы әдіспен бөліне бастайды да, генетикалық ақпаратты бірдей етіп жаңадан түзілген клеткаларға береді. Олар кейін арнайы қызмет аткаратын ұлпалардың клеткаларына айналады.
Митоздың биологиялық мәні мынадай: ұрпактан-ұрпақка құрылысы бірдей клеткалардың жалғасуы, хромосомалар саны
тұрақты сақталуы, ұрықтык даму, есу, жарақаттанған ұлпа қалпына келуі; жойылған клеткалардың (эритроциттер, тері клеткалары, ішектің эпителий клеткалары) орнына жаңа клет-калардың түзілуі қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет