Пән биология сынып 9 Күні 22.10.15
сабақ №: 16 Тақырып: Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларды митоздық бөлінуі кезінде болатын биологиялық өзгерістері туралы түсініктер беру. Оқушылардың клетканың бөліну кезіндегі фазаларды талдай білу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың митоз процесі жайлы білімдерін тереңдетіп, дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Білімділікке, сауаттылыққа, , бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: сұрақ жауап, семантикалық карта, «Ортадағы қаламсап», кесте, «түртіп алу».
Көрнекіліктер: мультимедия, электрондық оқулық, слайдтар.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Бөлінген уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың іс - әрекеттері
І. Амандасу, қызығушылықтарын ояту
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау.
Оқушыларың сәлемдесу. Топ басшысының топтың сабаққа қатысуы туралы ақпарат беруі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Тестпен жұмыс
1.Көпжасушалы ағзалардың мүшелерінің құрылу негізінде қандай процесс жатады?
а) мейоз
ә) митоз
б) ұрықтану
в) амитоз
2.Митоз арқылы бөлінеді-
а)тек диплоидті жасушалар
ә) тек гаплоидты жасушалар
б)хромосома саны әртүрлі жасушалар
в)тек полиплоидты жасушалар
3) Жасушалық айналымдағы ең ұзын қай фаза болып табылады.
а) профаза
ә) метафаза
4. Қай фазада хромосомалар экваторлы кеңестікте орналасады ?
а) профаза
ә) метафаза
б) интерфаза
в) анафаза
5.Митоз барысында түзілген жасушаларда хромосома саны аналық жасушадағыдай бірдей болады,бұл процес
қалай аталады ?
а) хроматида түзілуі
ә) ядролық қабықшаның еруі
б)цитоплазманың бөлінуі
в) жарғақшаның бөлінуі
6.Хромосома спералдануы қай фазада болады?
а) профаза
ә) метафаза
б) интерфаза
в) анафаза