Сабақ : №3 Мектеп: Астана қ. Фмб нзм күні : Мұғалім: Меңдібаева С.Ә



бет2/4
Дата16.06.2023
өлшемі35,07 Kb.
#101872
түріСабақ
1   2   3   4
2-мәтін
«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіне негіз болған ауылдың күйбең тіршілігі әңгіме басында азды-көпті айтылып кетеді. Шілде айындағы саф ауа, керемет табиғат көрінісі мен күндіз-түні тыным таппайтын ауыл өмірі әдемі суреттелген. Бұл – автордың шеберлігі. Қазақ ауылының қайнап жатқан тіршілігі, ара-арасында шырқалған ән, маздап жанған ошақ, жиналмайтын алтыбақан – тірлік пен думанның астасқан ортасы. Моңғолияның бер жағындағы Салықсалғанның иығында орналасқан ауыл. Осы ауылда Тортай мен Ораштың балалық шағы өтті. «Біздің ауыл Салықсалғанның иығында орналасқан...» Осылай басталатын әңгіме сөзімізге дәлел. Әңгіме басын оқып отырып, жаздың жайма-шуақ күніндегі ауылдың табиғаты көз алдыңызға бейнелене кетеді. Суға бай, құнарлы жерде мал да қоңды болатыны белгілі. Бұл ауыл мал өсіріп, өнімін алып отыр.
«Ымырт үйіріле алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып, ұлардай шулап ойнап жүргеніміз...» Ауыл қауырт шаруасымен арпалысып жатса да, алтабақандары бір жиналмайды екен. Ара-арасында көңілдерін көтеріп, сауық құрады. Ойын балалары да осы кезді пайдаланып, ауылды шулатып жібереді екен. Ал күз жақындағанда, фермадағы барлық бала жайлаудан ауылға оқуға аттанады. Бұл кезде ауыл тынышталып қалатыны сөзсіз. «Былтыр жазда демалыс алып, ауылға тағы бардым. Әкемнің төрт бөлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, тойып жеп, тасыраңдап жүрмін» деген автор сөзінен ауылдың мал өсіруден басқа, бау-бақшамен, егістікпен де айналысатынын көруге болады. Міне, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіне негіз болған ауыл тіршілігі осылай өтіп жатады. Қарапайым қазақ ауылының тіршілігі.
3- мәтін
Оралхан Бөкейдің туған жерді сипаттауында өзгешелік бар, себебі оның шығармасында ауылы, туған жері, туған елі ерекше суреттеліп, онымен қоса, өзінің тілдік тұлғасы көрініп отырады. Оның шығармасындағы табиғатты, пейзажды, соның ішінде, заңғар тау-тасты бейнелегенін оқып, автордың өр тұлғасын, алыптығын көруге болады. Салықсалғанның иығында отырған ауылдың көрінісінен бастау алатын әңгіме табиғаттың сиқырымен оқырманды бірден баурап алады. «...Шілденің дәл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жайма-шуақ сәтінде төбеңде көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жерінен жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін,» деген тұстан көрінетіндей.
Автордың бояуларды қанық бере алатын қасиеті оқырманға көз алдына елестетуге мүмкіндік беретіндей. «Салқын, бұлтсыз күн», «тамылжыған тамаша мезгіл», «жайма-шуақ сәт», «көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспан», «қанша құласаң, ауырсынбайтын, қанша аунасаң, жапырылмайтын күлтеленген күреңсе», «балапан табан», «көлкілдеген су», «жаңбырлы күн» деген эпиттетті тіркестер Салықсалғанның демін сездіретіндей. Күлтеленген күреңсенің жас балалардың табандарына мамықтай сезілуін «кілемдей жұмсақ» деп теңеумен суреттеуі де тым әсерлі. Салықсалғанның сулы-нулы жер екенін «Салықсалғанның кез келген жерінен жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін» осы сөйлем арқылы түсіндіреді.
Осы әңгімені оқып отырып, мынадай ой туады: егер автор бұл әңгімені басқа өлкеде суреттесе дәл осылай әсерлі туар ма екен?! Жоқ, себебі осы суреттелген Моңғолияның бер жағындағы Салықсалғанның тау-тастары Тортайы мен Орашын өзге жерге қимас еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет