Сабақ 1-2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы



бет71/183
Дата19.08.2023
өлшемі6,03 Mb.
#105397
түріСабақ
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   183
Байланысты:
7 сын Физ КМЖ обно

Ойын кезінде физикалық есептеуілерді қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарын пайдалану.

Бастапқы білім



Оқушылар алдыңғы сыныптарда және тарауларда, сондай-ақ үйле және/немесе сыныптан тыс сабақтар аясында оқу кезеңінде жалпы шеберлік пен стратегиялық түсінікке қол жеткізген әр түрлі қазақ ұлттық ойындарында тәжірибені меңгерген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет.

Ресурстар

Сабақтың басы



Сәлемдесу,оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, жүрек қағысын(пульсін) тексеру. Сабақтың мақсатын түсіндіру .
) Жүгіру.
А) Жай жүгіру
Б) Қол белде,аяқты алға сермеп.
В) қол желкеде, тік аяқты артқа сермеу.
Г) тізені көтере жүгіру.
Д) денені босата аяқты жиілеп жүгіру
2) Жүру
А) демді қалпына келтіру
Б) Қол желкеде денені оңға-солға бұру
В) қол жоғарыда ,аяқтың ұшымен
Г) қол желкеде, өкшемен
Д) әр адымда, алға еңкею
Е) спорттық жүріспен жүру, қолды жаңға созу
Ж) спорттық жүріс
З) демді қалпына келтіру
3)Жалпы дамыту жаттығулары.
А) Б.қ. аяқ иық көлемінде қол белде
1-4-басты солға айналдыру
5-8-басты оңға айналдыру
Б) Б.қ. қол иықта, аяқ иық көлемінде
1-4-қолды иықтан алға айналдыру
5-8-қолды иықтан артқа айналдыру
В) Б.қ негізгі тұрыс
1-қолды жоғары көтеру және секіріп аяқты ашу.
2-Б.қ. 3-Д-с. 4-Б.қ.
Г) Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде
1-сол аяққа еңкею
2-ортаға еңкею
3-оң аяққа еңкею
4-Б.қ.
Д) сол аяқ алда, қол белде
1-4-сол аяқ алдыда оң аяқты соза отыру
5-8-келесі жаққа бұрылу ауысып жасау Д.с.
Е) шпагатқа отыру



Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.
Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы



«Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелерді қарастырыңыз. Ойынның мақсаты – ойыншы өз серіктесіндегі 81 тастан көбірек жеңу екендігін түсіндіріңіз. Ойыннан кейін олар пайдаланылған тактиканы және ойынды жақсарту бойынша стратегияларды талқылайды. Топ қатысушыларына өзінің ойыншысына көмектесулеріне болады.
Ұлттық ойындар:
Күш сынаспақ
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Тауық күрес.
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады.






Сабақтың соңы

Құрал-жабдықтарды тиісті орындарына қою. Бүгінгі өтілген сабаққа рефлексия жазу. Көкіректі кере демді реттеу.
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үлкен, таза алаң.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кезкелген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет