Сәулет өнерінің үздік туындылары. Заманауи сәулет өнері. Қазақстан сәулет өнері. (заманауи және тарихи)
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары
9.1.2.1 мәдени және тарихи жәдігерлер, қолөнер мен дизайн салалары шығармаларының материалдарын, бағытын, салыстырмалы талдау;
9.3.3.1 бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызметі, экономика) талдау және бағалау
Сабақтың мақсаты:
архитектуралық шедеврлерді заманауи архитектурамен салыстыру және талдау;
бір қаланың үлгісінде, ақылды қаланың аспектілерін зерттеу.
Бағалау критерийлері
салыстырмалы талдау жасайды;
ақылды қалаларды (ғимараттарды) зерттейді;
зерттеу нәтижелерін инфографикаға түсіреді.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтың әрекеті
Оқушылардың әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басталуы
«Вавилон мұнарасы» жаттығуы Жаттығу ережесі: қатысушылар 2 командаға бөлінеді. Әр команда мүшесіне жеке тапсырма беріледі. Жеке тапсырмалар: парақтарға тапсырма қысқаша жазылған, әр парақ бірғана қатысушыға арналған, парақтағы мәлімет қатаң құпия болып табылады. Мысалы, «Мұнарада 10 қабат болуы керек» - мұндай жазба жаттығудың бір қатысушысына жазылған парағы, ол ешкімге көрсетпеуі керек, бірақ бірігіп салыңған мұнарада 10 қабат болуын тырысу керек.Екінші тапсырма: «Бүкіл мұнарада қоңыр контур бар» - бұл келесі қатысушының міндеті. «Мұнараның үстінде көгілдір жалауы бар», «Мұнарада тек 6 терезе бар» және т.б. Қатысушыларға сөйлеуге тыйым салынады және әдетте дауысты қолдануға тыйым салынады. Оқушылар Вавилон мұнарасын бірге салу керек. Жұмыс уақыты шектеулі (5-7 минут). Жаттығудың психологиялық мәні: жаттығу кезінде қатысушылар өз әрекеттерін үйлестіруді үйренеді, топта өзара әрекеттеседі. Сөзсіз қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Талқылау:
Тапсырманы аяқтау қиын болды ма? Ең қиыны не болды?
Топтың өзара әрекеті сәтті болды ма? Неліктен?
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.
Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді