Кіріспе тапсырма: Мәтінмен танысып шығыңыздар. Мәтінде қажет деп тапқан жерлерге топта ақылдаса отырып, дыбыс екпінін қажетті түспен белгілеңіздер.
Тапсырманы қалай орындап шыққанын мұғалім бір қарап шығып, кері байланыс береді.
Негізгі тапсырма: 1) Мәтіндегі сөз екпінін тауып белгілеңіздер; 2) тіркес екпінін тауып белгілеңіздер; 3) Ой екпінін тауып белгілеңіздер. Қажетті түстермен белгілейді.
Топтардың жауап парақтары сағат тілімен алмастырылып, бір-бірінің жауаптарын тексереді. Әр топқа кері байланыс беріледі.
Қорытынды тапсырма:Мәтіннен үш хабарлы сөйлемді таңдап, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар. Сұраулы сөйлемдерге айналдыру барысында екпінді қоюда қандай ерекшелік байқағандарыңызды айтыңыздар.
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, мұғалімнің кері байланысы беріледі.
http://engime.org/aza-tili
https://www.inform.kz/kz/
Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия:
«Аяқталмаған сөйлемдер» Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды...................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім. Мен...................................... жасай алдым.
(Топтан таңдап , бір оқушыны сөйлетуге болады)
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?