3-топ жүйелік блок Жүйелік блоктың құрамы
Аналық тақша – жүйелік блоктың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоктың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат алмасу іске асады.
Процессор – жүйелік блоктың «миы». Көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді
Жедел жады - компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Жедел жады мектептегі сабақ тақтасына ұқсас. Сабақ жүріп жатқанда тақтаға жазып, одан ақпарат оқисың. Сабақ аяқталғанда барлық ақпарат тақтадан өшіріледі. Тақта жаңа сабаққа дайын. Компьютердің жедел жады да осылай. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы . Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.
Видеокарта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет .
Желілік карта –компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу үшін керек.
тапсырма. Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Компьютердің негізгі құрылғылары
Процессордың қызметі
Қатты дисктің қызметі
«Информатика 5-сынып» - электронды оқулықты қарап шығу, бекіту
Бағалау парағы
Сабақтың соңы
40-45 минут
Қайталау сұрақтары
Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларының міндеттері қандай?
Пернетақтада неше перне бар?
Пернелердің қызметтері қандай?
Insert кестесін толтыру.