Компьютермен жұмыс орындау.
Жұппен жұмыс.
1 жұп редакторлардан тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді. Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек.
Оқушыларға нөмірленген түрлі - түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:
• Көк түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар редакторлар тобын құрады.
• Қызыл түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар безендіруші дизайнерлер тобын құрады.
Бір слайдты екі өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындағы цифрлары бірдей оқушылар жұп құрайды.
Тапсырмалар
№1 -№3 жұптарға. Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиент фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Текстура фонын таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
№2 -№4 жұптарға. Тақырыбы “Ұлы жеңіске 70 жыл”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Узорная заливка фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Рисунок или текстура фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
№5 -№7 жұптарға. Тақырыбы “Менің ұстазым”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Линейный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз. Сөздеріңізді анимациямен баптаңыз.
№6 -№8 Тақырыбы “Біздің мектеп”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Радиальный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Рисунок или текстура түрін таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.