Сабақ 1 Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар саны



бет4/154
Дата10.02.2023
өлшемі2,16 Mb.
#66922
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
«Құлатпай жеткіз» ойыны. Оқушылар орындықта отырады. Әрбірінің аяғы астында әлдебір зат болады (ойыншық, қарындаш, фломастер). Бір аяқтың башпайларымен затты ұстап алып, оны қалай да болса (бір аяқпен секіріп не төрт тағандап қозғалып), бөлменің қарама-қарсы бұрышына дейін жеткізу керек. Дәл осыны екінші аяқпен істеу керек. Затты құлатпай, тез орындаған адам жеңіске жетеді.
Ойын ағзаның жалпы сау болуына және дұрыс жүру дағдысын тәрбиелеуге себеп болатын табанның бұлшықет-сіңір аппаратын қатайтуға және ептілікті дамытуға берілген.


Кім бірінші
Командада бірінші тұрған ойыншылар бастапқы сызықта тұрып, ойынның басталуына белгі берілгеннен кейін, қос аяқтап алға қарай секіріп, бастапқы сызықтан 3-4 м. жердегі сызылған шеңбердің ортасына тұра қалып 5 рет отырып-тұрады, одан 3-4 м. жерде тұрған допты баскетбол әдісімен соңғы белгіні айналып, допты орнына қою керек, соңғы 15 метрді тоқтамай жүгіріп өту. Ойын барлық команда мүшелері орындап болғанша жалғасады.


«Қапшық жарыс» ойыны.
Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып қапты киіп алып, 10 - 15 метр жердегі арнаулы мәрені айналып қайтады да, шапшаң шешіп өзінен кейінгі ойыншыға береді, тағы сол сияқты қайталайды.(Нұсқау: Қаптың аузың екі қолмен ұстап жүгіруге болады.)



Ойыншықтар, карындаш, фломастер


Доп, ысқырық
Қапшықтар, ысқырық

Сабақтың соңы
5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:
Оқушалардан бұл жаттығуда қандай қателер бар және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.
-Сабақты қорытындылау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.
-Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.
-Толық сапқа тұруларын қадағалау
-Сабаққа қатысуына байланысты мадақтау.
-Қоштасу.
-Бір саппен спорт залдан шығару.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет