(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Ертегі мәтінін түсініп оқы. Негізгі ойды анықта.
Мәтіндегі оқиғаны басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыр.
Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
-Ертегі мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыр.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Ой шебері» әдісі арқылы өтеді.
Атақты адамдардың достық туралы есте қалған бір нақыл сөзін немесе мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндір.
(Д) 2- тапсырма «Ыстық орындық» әдісі.
А) Кестемен жұмыс.
Мәтінге сүйеніп ауызша жауап бер.
Ә) Сұрақтарға жауап бер:
-Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
-Досыңның қандай қылығын ұнатасың? Қандай қылығы ұнамайды?
-Мақтау сөздерден тұратын диалог құрастыр.
|