Сабақ №1. Микробиологиялық зертханада жұмыс жасау ережелері. Микроскоптау техникасы. Тірідей препараттар дайындау



бет15/27
Дата02.12.2023
өлшемі9,05 Mb.
#131672
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
зертханалық сабақ

Қажетті материалдар мен құралдар:
Залалсыздандырылған тұзақтар, заттық шыны, жабынды шыны, микробиологиялық тұзақ, қажетті бояулар, қара туш, 96 % спирт, Цильдің карбол фуксин бояуының сулы ерітіндісі, сүзгіқағазы , микроскоптар
Тапсырмалар:
1. Бөлініп алған бактерия культураларының клеткасының құрылысымен танысу.
2. Микроорганизмдердің спораларын әртүрлі әдістерді қолдана отырып бақылау

  1. Микроорганизмдердің спора түзудің сипаты анықтау.

  2. Прокариоттардың талшықтың орналасуына байланысты клетка қозғалысын анықтау.

  3. Бөліп алған культуралардың спора түзуінің сипатын, талшықтың орналасуына байланысты клетка қозғалысын коллекциялық штамдармен салыстыру.

Бақылау сұрақтары.

  1. Бактерия клеткаларының ультрақұрылымы.

  2. Бактерия клеткаларының тұрақсыз құрылымдық элементтері – спора, талшықтар және олардың маңызы мен қызметі.

  3. Бактериялардың клетка қабырғасының ерекшеліктері.

  4. Микроорганизмдерді қозғалу түрлері. Таксис.

Зертханалық сабақ № 8.


Бактерия клеткасының құрылысы. Зерттелетін культуралардың клеткасындағы қосындыларды бақылау.
Зертханалық сабақтың мақсаты - лекциялық сабақтар кезінде алынған клетка қосындыларды туралы білімдерін ұштастыру.
Зертханалық жұмыстың міндеті – клеткадағы қор заттарын: гранулезаларды, липидтерді, волютиндерді әртүрлі бояу әдістері арқылы анықтау.
Көптеген микроорганизмдер цитоплазмаішілік қосындылары болады. Оларға клетканың ішінде жиналатын метаболизм өнімдері, зат айналымына қажетті түрлі құрылымдар жатуы мүмкін. Кейбір қосындылар микроорганизмдерді қоршаған ортада тіршілік етуінде әртүрлі қабілеттілік қызметтерін атқарады. Мысалы, газ вокуолдері микроорганизмдердің суда қалқып, жүзіп жүруін қамтамасыз етсе, темір бактерияларының магнетосомалары магнитік өріске қажетті қабілеттіліктер көрсетеді.
Микроорганизмдердегі клетка қосындылары клетканың ішінде қорек көзі ретінде жинақталатын түйіршік түрінде болуы мүмкін. Оларға әртүрлі полисахаридтер (гликоген, крахмал, гранулеза), липидтер, полифосфаттар болады. Кейбір бактериялар клеткасында күкірт жинайды, азот көзі ретінде цианобактериялар цианофициндер жиналады (22 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет