Сабақ №1 Тақырыбы: Антропометриялық өлшемдер. Теориялық сұрақтар



Дата16.10.2023
өлшемі33,89 Kb.
#116537
түріСабақ

Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы:Антропометриялық өлшемдер.
Теориялық сұрақтар:

  1. Антропометриялық өлшемдер, оған қандай өлшемдер жатады?

Соматометрия, физиометрия, самотоскопиялық өлшемдер деген не ?

Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі.


Антропометриялық өлшем кезінде - бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер,кеуде шеңберіне және т.б өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
Физиометрия – адамның физикалық жағдайын бақылайды.Мысалға, адам өкпесінің тіршілік сиымдылығын өлшейді.
Соматометрия – дененің ұзындықтарын, диаметрлерін және салмағын аңықтау.
Самотоскопиялық – бұл сыртқы зерттеу мәліметтерін сипаттау және талдау : шырышты қабаттардың, тері күйін, май шөгінділері, бұлшық еттер, аяқтың пішіні, қалып және т.б

  1. Жалпы биологиялық ұғымдар: бой, даму дегеніміз не?

Денсаулық дегеніміз не? Абсолютті, практикалық денсаулық деген не?

Бой – организмнің морфологиялық белгілерінің бірі.Ол атропология мен медицинада дененің басқа да өлшемдерімен бірге, дене дамуын, бітімін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып саналады. 


Даму - қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық ғылыми категория деп аталады.
Денсаулық адам өміріндегі ең басты қажеттілік, яғни ағзаның дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет