Сабақ №11 Тақырыбы: Іс-әрекеттегі зерттеуде ақпаратты жинауды жоспарлау



Дата08.04.2023
өлшемі26,31 Kb.
#80461
түріСабақ
Байланысты:
№11аптаа


Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Тәжірибелік сабақ №11
Тақырыбы: Іс-әрекеттегі зерттеуде ақпаратты жинауды жоспарлау

Орындаған: Бурабай Гульфия


Тексерген:Койшина Ақмарал


2023жыл

Қарастырылатын сұрақтар:





  1. Әдебиетті жүйелі және мұқият оқып үйренудің маңызы мен алатын орны

  2. Шығармашылық пен жұмыстың қандай басты міндеттері бар?

  3. Тақырып таңдаудағы ғылыми әдебиеттерге шолуды кең мағынада қалай түсінуге болады?

  4. Мәселе бойынша негізгі әдебиетті қайдан іздеуге болады?

  5. Картотека дегеніміз не және оның алатын орны қандай?




  1. 1.Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты: әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы» , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету:

2. Әдебиетті өмірмен байланыстыра, өзіндік табиғатын аша отырып, адамзат тарихымен тығыз сабақтастығын айқындау; әдебиетті оқыту әдістемесінің теориялық, методологиялық негіздері.
3. Тарих, тіл білімі, музыка, бейнелеу өнері, философия, әдебиеттану, эстетика т.б. ғылым салаларымен байланыстылығы қарастырылады.
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.
«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
«Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды.

  1. Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәселені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.

Бүгінгі таңда оқушылардың сөйлеу мәдениеті жоғары деп айта алмаймыз. Оның бірден бір себебі, көркем әдебиет оқитын оқушы жоқтың қасы.Қазіргі таңда оқушылардың әдеби шығармалармен танысуына, көркем шығармалар оқуына уақыт аз, ынта төмен. Оқушылар әдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жан-жақты әдемілікті меңгереді, әдемі сөйлеу, өздерін кейіпкерлермен салыстыру, терең ойлау, шығармалардағы оқиғаларды елестету арқылы сыни ойлайтын дәрежеге көтеріліп,өздерінің ерекшеліктерін қай жерде де байқата алады. Болмыс, бітіміндегі қасиеттерді әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен сөздері негізінде қалыптастыру мүмкіндігі туындайды. Білім берудегі жаңа тәсілдердің орны бөлек, дей тұрғанмен, кітап еш уақытта екінші кезекке өтпеуі тиіс.


Құнанбай тәрбиелеген Абайдың, Шыңғыс тәрбиелеген Шоқанның қалыптасуында кітап берген тәрбиенің орны ерекше. Сондықтан педагогтың басты міндеті- оқырман оқушыны қалыптастыру, өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.


Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – баға жетпес байлығымыз, бар білімнің бастауы ана тілімізді оқытуда жан сарайы кең, ұлттық рухы зор, дүниетанымы бай, ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастыру.


Міндет:




  • Заманауи әдістемелердің тиімділігін дәлелдеу

  • Шығармашылық тапсырмаларды айқындау

  • Оқушының өз бетімен ізденісіне бағыт беру

  1. Ғылым – бұл табиғат, қоғам және ойлау туралы жаңа білімдерді алуға бағытталған зерттеу ортасы.

Қазіргі таңда, ғылымның дамуы ғылыми еңбек бөлінуі және бірігуімен, ғылыми мекемелердің пайда болуымен, экспериментті және зертханалық құралдармен тығыз байланысты. Еңбектің қоғамдық бөлінуі әсерінен ой және дене еңбегінің арақатынасы анықталғаннан бері ғылым пайда болды. Кәсіпорындарда ірі машиналар пайда болғалы ғылым кәсіпорынның белсенді факторы бола бастады. Ғылыми-техникалық революция тұрғысында ғылым түсінігі өзгерді, яғни ғылым техника дамуынан кейін емес, керісінше материалдық өндірістің негізгі күші болып табылады.


Қоғамдық өндіріске белсенді әрекет ете отырып, ғылым қоғамдық өмірдің барлық саласын сипаттайды. Материалдық өндіріс, экономика, саясатта, басқару ғылымы мен білім алуда ғылым қарқынды түрде дамуы керек.


Бүгінгі қоғамда барлық элементі мен салаларында ғылым мен техниканың маңызы зор. Қазіргі таңда ғылым қоғамның дамушы күші болып табылады. Дене және ой еңбегінің түрлері: медицина, транспорт, байланыс, адамның күнделікті өмірінде ғылыми-техникалық прогресс ерекше орын алады.


Ғылымның жіктелуі – белгілі бір принциптерге сүйенген өзара байланыстың анықтылығы мен осы байланыстың логикалық қорытындысы.


Материалды өмірдің әр түрлі ғылыми объектлерді зерттеуіне байланысты ғылым әр түрлі түрлерге бөлінеді.


Ғылым түрлерінің проблемасы – бұл ғылыми білім құрылымының проблемасы. Қазіргі жағдайын, белсенді дамуының тенденциясын дұрыс сипаттау үшін, тарихи тұрғыдан қарастыру керек.


XVI-XVII ғасырлардан бері ғылым объектісі бойынша емес, зерттеу бағытына қарай ерекшелінеді.


Мысалы, атом – физиканың да, химияның да объектісі қызметін атқарады, сол сияқты молекула – химияның да, физиканың да заты бола алады. Тірі организм биологияның, химияның, физиканың және кибернетиканың да заты бола алады.





  1. Картотека - 1) белгілі бір реттілікпен, мысалы, әліпбилік, тақырыптық, мерзімдік,тағы басқа тәртіппен біріктіріліп, жүйелі орналастырылған, ақпарат беруші қима қағаздар тобы; 2) оларды сақтауға арналған жәшік (архив).

Жергілікті мерзімдік және жалғасты басылымдар картотекасы - атаулы аумақта шығарылған мерзімдік және жалғасты басылымдарды кітапхана қорының бар-жоғына қарамай көрсететін библиографиялық картотека.


Әдістемелік шешімдер картотекасы - қызмет 6абына пайдаланатын көмекші картотека, мұнда (күрделі жағдайлар бойынша қабылданған шешімдер жинақталады). Әдістемелік шешімдердің әртүрлі картотекасын жүргізуде библиографиялық сипаттама құрастыру, жүйелеу, пәндеу жұмыстарының процестері жүргізіледі


Жаңа түскен басылымдар картотекасы - соңғы бір-екі ай ішінде кітапхананың кітап қорына келіп түскен жаңа баспа шығармаларының жүйелі немесе алфавиттік картотекасы.


Қанағаттандырылмаған өткіштер картотекасы - құжаттарға қанағаттандырылмаған талаптарды ескеретін картотека. Жетіспейтін құжаттармен қорды толықтыру және қорды ерекшеліктеріне қарай толықтыруды нақтылау үшін пайдаланылады.


Аударма картотекасы - басқа тілдерден нақты тілге аударылған құжаттарды көрсететін библиографиялық картотека.


Жеке адамдар картотекасы - кітапхана қорында бар-жоғында қарамастан жеке адамдардың өмірі мен кызметіне байланысты әдебиеттерді дербес айдарларға жинақтайтын библиографиялық картотека.


Сын-пікірлер картотекасы - кітапхана қорына бар-жоғына қарамастан жарияланған сын-пікірлердің библиографиялық картотекасы жүйелік және алфавиттік.


Оқырман профилінің бағытының картотекасы - кітапхана (орталықтанған кітапханалар жүйесі) оқырмандарының жасына, біліміне, кәсібіне т.б. Қарап, әлеуметтік мамандық топтарына біріктірілген картотека. Библиографиялық хабар беруде толықтырылып отырудың тақырыптық-типологиялық жоспарын тұжырымдауда, жеке-дара және көпшілік жұмыстар т.б. Ұйымдастыруда пайдаланылады.




Экономикалық және мәдени профилінің бағытының картотекасы - қызмет көрсететін аймақ бойынша өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, ғылым, мәдениет салалары туралы деректер, содай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, оларға кітапханалық қызмет көрсету туралы қысқаша мәліметтері көрсетілген картотека. Жеке-дара және көпшілік жұмысында, қорды толықтырудың тақырыптық типологиялық жоспарын жасауда пайдаланылады.[

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет