Сабақ №11 Тақырыбы: Жүгері өсімдігінің құрылысы



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#80264
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
зертхана Жүгері

Түр тармақтары. Жүгері қазіргі жіктеу бойынша мынандай түр тармақтарына немесе топтарға (дәннің сыртқы және ішкі құрылысы бойынша) бөлінеді (13-сурет): Т і с т ә р і з д і (Z .m. indentata Sturt.). Дәні ірі, ұзынша, үстіңгі жағы жаншылған. Оның ақуызы – 8-13,5 %, крахмалы – 68-75 %. Өсімдігі мықты, собығы ірі. Түр тармақ кең таралған, негізінен малазықтық мақсатқа арналған.
К р е м д і (Z.m. indurata Sturt.). Дәні ірі және майда, домалақ, беті тегіс, шынытәрізді, ақуыз мөлшері 8-13,5 %, крахмалы – 68-75,7 %. Осы кең таралған түр тармақтың ұсақсобықты ерте пісетін сорттары көп. Кремді жүгерінің азық-түліктік және малазықтық маңызы зор.



13-сурет. Жүгері түр тармақтарының собықтары: 1-тістәрізді; 2 және 4-кремді; 3-крахмалды; 5-қантты; 6-жарылғыш



Қ а н т т ы (Z.m. saccharata Sturt.). Дәні ірі және орташа, бұрыштылау, беткі жағы қатпар-қатпар. Ақуыз мөлшері 12,8 %, крахмал – 65-83, қант пен полисахаридтер 30 % дейін, май – 8,1 %. Бұл түр тармаққа жүгерінің консерві өндірісінде пайдаланылатын көкөністі ерте пісетін сорттары жатады. К р а х м а л д ы (Z.m. amylacea Sturt.). Дәні ірі, беті тегіс, домалақ, ақуыз мөлшері 6,9-12,1 %, крахмал 71,5-82,6 %. Дәні тез ұнталып, ақ түсті жоғары сапалы ұн береді. Крахмал-сірне өнеркәсібінде пайдаланылады. К р а х м а л д ы - қ а н т т ы (Z.m. amyleo-saccharata Sturt. ). Дәнінің қантты жүгеріге тән қатпары болады. Эндоспермі төменгі жағында ұнды, жоғары бөлігінде шынылы болып келеді. Ж а р ы л ғ ы ш , немесе к ү р і ш т ә р і з д і (Z.m. everta). Дәні ұсақ, төбе жағы дөңгелек үшкірлеу болып келеді. Ақуызы – 10-12,5 %, крахмалы - 62-72 %. Жарма мен бадынақ жасауға пайдаланылады.
Б а л а у ы з д ы (Z.m.ceratina Kulesch.). Дәнінің эндоспермі балауызтәрізді. Эндосперм сыртының қаттылығы жарылғыш жүгерінікінен кем емес. Декстрин алу үшін пайдаланылады. Бұл топқа жататын жүгерілер АҚШ-та және бірқатар еуропа елдерінде егіледі. Қ а б ы қ т ы (Z m. tunicata Sturt.). Бұл жүгерінің дәнін масақша қабықшасы тығыз жауып тұрады. Өндірістік маңызы жоқ.
Жүгерінің біздің елімізде ең көп таралғаны - кремді және тістәрізділері. Малға жемге көбіне тістәрізділері, ал ұн және жармаға - кремді жүгерілер пайдаланылады. Өте ертепісетін сорттары кремді жүгеріге жатады. Будандары мен сорттары. Жүгері буданын қолдану будандастырудан алынатын өсуі өте мықты және өміршең бірінші ұрпақ - гетерозисты пайдалануға негізделген.
Жүгері буданын бір сорт немесе линияны басқа сорттың, жәй будан немесе линияның аталық ұрығымен тозаңдандыру нәтижесінде алады.
Будандастыру үшін алынған формаларға байланысты, жүгері будандарының атаулары мынандай:
1) екі сортты будандастыру - с о р т а р а л ы қ ;
2) қандай да болмасын сортты өздігінен тозаңданатын линиямен будандастыру - с о р т л и н и я л ы қ ;
3) өздігінен тозаңданатын линияларды будандастыру - л и н и я а р а л ы қ..
Линияаралық будандар жәй (екі өздігінен тозаңданған линияларды будандастырудан), үшлиниялы (линияаралық буданды өздігімен тозаңданған линиямен будандастырудан) және қосарланған (екі жәй буданды будандастырудан) болуы мүмкін.
Қосарланған линияаралық будандар өте өнімді болса, олардан кейінгі орында сортлиниялықтар. Бұл жағынан сортаралық будандар соңғы орында. Қосарланған линияаралық будандар ата–аналарын өнімділігі бойынша шамамен 30 %, сортлиниялық будандар - 20, жәй линияаралықтар -10-15, ал сортаралықтар будандар бар жоғы 5-10 %-ға ғана озады.
Жүгерінің буданды сорттарын егу өндірісте бұрыннан қолданылады. Қазіргі кезде жүгері өсіретін негізгі аумақтарда көптеген будандар аудандастырылған. Тәжәрибе мекемелері мен мемлекеттік сортсынақтар зерттеулерінің көбінде жүгері егісі өте жоғары қосымша өнімді буданның бірінші ұрпақ тұқымын егіске пайдаланғанда қамтамасыз ететіні анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет