Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет135/222
Дата24.11.2023
өлшемі45,28 Mb.
#125549
түріСабақ
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   222
Аспан әлемі

Оқу мақсаты

5,1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
5.1.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сұхбаттасының сөзін тыңдап, диалогке қатысу

Сабақтың мақсаттары

Қазақ тіліндегі түрлі тілдік құрылымдар арқылы оқушыларға аспан әлемі жайлы ақпарат беру.



Бағалау критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілерін пайдалану арқылы аспан денелері жайлы ақпарат береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлемдер арқылы аспан денелерін сипаттайды, аңыздар жайлы айтады.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды

Тілдік мақсат

Сұхбат, тілдесу, ой-пікір, тілші, сұхбаттасу. Аспан әлемі, жұлдыз, құпия, қозғалыс, бақылау, аспан денесі, шексіз, көлденең жатқан, шашырап төгілген, ақшыл жолақ

Құндылықтарды дарыту

Үлкенге құрмет, өзара сыйластық, мейірімділік сияқты отбасылық құндылықтарды тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Әншінің отбасындағы сұхбатты тыңдатып, талдау барысында «Өнер» пәнімен байланыс жүзеге асады.

Алдыңғы білімдер

Сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



(Ұ) Сабақты «Мәтін түрдлері» қайталаудан бастау. Ол үшін «Карусель» ойынын ұсыну. Ойынға ортақ тақырыпта қатысты өтілген сөздерді алу: дәрумендер, дәрігер, көмекші, спорт, жаттығулар, спортшы, емхана, денсаулық, шаңғышылар, шана, жеңімпаздар, доптар, жаттықтырушы, емделушілер.
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, аманда- сады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.






Сабақтың ортасы



Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан «Ғарыш әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді. «Балалар энцикло- педиясы нан»


( («Балалар энциклопедиясы», 1-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.-117 бет) аспан денелері жайлы мәліметтерді оқиды, оқушылармен бірге талдайды.
Аспан — бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты бөліп көрінетін күмбез. Күн, ай, жұлдыздар, т.б. ас- пан шырақтары өте қашықтықта болады. Ауа қабаты көгілдір, көк түсті. Аспан денелері туралы халық аңыздары бар...
Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, сендер ас- пан денелері жайында қандай аңыздарды білесіңдер?
Деректі фильмді көреді, мұғалім айтқан мәліметтерді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Жазылым. 1, 2-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырма- ны орындатады.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орын- датады.
Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
4. Сергіту сәті. «Аспан денелері» тақырыбында кластер құрғызады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.
6. «Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Айтылым. Жазылым.
Сұрақтарға жауап береді, диаграмма құрайды.
Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.
Оқылым. Айтылым. Суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді, мазмұн желісі бойынша оқиды.
Айтылым. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кластер құрайды.
Жазылым. Айтылым. Үш нұсқаның ішінен дұрыс нұсқасын жазады.
Мәліметтерді оқиды, талдайды

Интерактивті тақта, слайдтар, «Ғарыш әлемі» деректі фильмі, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақы- рыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер

Сабақтың соңы

Саба Топтық жұмыс. «Жұптас. Ойлан. Пікірлес» стратегиясы.


«Аспан денелері» тақырыбында өз пікір- лерін ортаға салады.
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Мағыналас сөздерді табады.қтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорыту.
-Сабақта не үйрендіңдер?
«Бағдаршам» бағалау әдісін қолдану.
• Мен «сұхбаттасуды» түсіндім – жасыл түс;
• Мен сенімді емеспін – сары түс;
• Мен толық түсінбедім – бағдаршамның қызыл түсі.






Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақтарға жауап беруге қиналатын оқушыларға бағыт бере отырып, жеке қолдау көрсету.
.



Оқушылар жұптасып жұмыс жасаған уақытта түртіп алу арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Белсенді тақтаны шектеулі уақытта пайдалану. Осы сабақта 10 минут қолдануды жоспарлаймын.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет