Сабақ 1*2 Сабақ тақырыбы Қазақ отбасының дәстүрлері



бет117/222
Дата24.11.2023
өлшемі45,28 Mb.
#125549
түріСабақ
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   222
Байланысты:
00121a88-02216692

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.
Көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.


Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра-


ды, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады.
Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындатады.
4. Сергіту сәті. «Тәуелсіздік нышандары» тақырыбында постер жасатады.
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Жазылым. Сұрақтарға жауап жазады.
Айтылым. Суретте не бейнеленгендігін айтады
Жазылым. Бір сөйлемге бірнеше нұсқада сұрақ қойып жазады.
Постер жасайды, сипаттайды.
Оқылым. Жазылым. Мәтінді оқиды, сын есімдерді табады, қою қаріппен берілген сөздердің синонимін табады, сөйлем құрайды.


https://www.youtube.com/watch?v=gd3r0yIlEdg
«Көк ту және достар» мультфильмі

Сабақтың соңы
8 мин

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Диалог құрады.
Топтық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
«Кім көп біледі?» ойынын ұйымдастырады.
Айтылым. Үш топқа бөлінеді. Әр топ әнұран, елтаңба, ту сөздерін жеребе тастап алады. Таңдап алған мемлекеттік рәміз туралы айтып береді. Дұрыс айтқан топ жеңімпаз атанады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет