Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): Қ.Сариннің өлеңдері жайлы ақпарат береді, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ақынның шығармашылығы жайында айтады, өлеңдерін сипаттай- ды, қосымша мәліметтер береді.
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады, сұхбаттасады, шағын мәтін құрайды
Тілдік мақсаттар
Негізгі сөздер мен тіркестер.
Еркіндігім, өзегімде, боданына, бұғауландық, бәйгеге, құның, боздақтарым, ғұмырымда.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
Рухани-мәдени құндылықтарға баулу бостандықты, еркіндікті сезіндіру арқылы іске асырылады.