Ой шақыру сұрақтары: Суды неліктен ең маңызды деп санайсыздар?
Суды не үшін қолданамыз?
(Оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады. Мұғалім қажеттілікке қарай басқа оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы жауаптарын толықтырады. Тақтада кластер сызылып, мұғалім оқушы пікірлерін негізінде кластерді толтырып жазып тұрады.) Оқушылар жауаптары негізінде сабақ тақырыбына болжау жасайды.
Сабақ ортасы 35 минут
Мұғалім оқушыларды оқу мақсатымен, сабақ мақсатымен таныстырады.
Бағалау критерийімен таныстырады. 3 минут
Тыңдалымалды тапсырмасы Сөздікпен жұмыс. 8 минут Тыңдалым мәтінінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыста мұғалім тақтадан әр сөзді синонимімен немесе мағынасымен және сурет негізінде көрсетеді. Әр оқушыға сөздік таратылады. Жаңа сөздермен танысқаннан кейін мұғалім суреттерді ғана көрсету арқылы жаңа сөздерді қайталатады.
Сөз
Сурет
тіршілік, өмір
ауыз су, тұщы су
мұздық
температураны тұрақтандырады, бір қалыпта ұстайды
тасымалдау, жеткізу
бүйрек
бауыр
қалдық
жарақаттану, жаралану
ылғалдандыру
бұлшық ет
су жетіспеушілігі
Тыңдалым мәтіні Су- тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», - деп жазады. Мысалы, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, ұйқыны реттейді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті көтереді. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғап, теріні ылғалдандырып, емдейді.
Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал, денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.