Тұрақты және тұрақсыз мотивация
Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.
Жекелік және топтық мотивация
Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.
Мотивация ілімдері
Қоғамның тез өзгеруіне, ақпарат технологиясының қауырыт дамуына орай түрлі Жігерлендіру идеялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өмірге келді. Олардың арасында Хоторн эффекті, Маслоудың Қажетсіну қабаты ілімі, Дуглас МакГрегордың Х және Y ілімі, Герцбергтің Қос фактор ілімі, МакКлелландтің Табыс қажетсінуі ілімі, Мотивациялық әлеует ілімі, Бихевиоризм, Врумның Үміт ілімі, Адамстың Әділдік ілімі, Аптердің Ауысым ілімі қатарлылар бар.
2) Кәсіби мотивация және жас мамандардың кәсіби мотивациясының психологиялық ерекшеліктері. Тұлғаның ішкі құрылымының байлығы көп жағдайда адамның іс-әрекетіне байланысты, іс-әрекет оның негізгі бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да біздің өмір сүретін қоғамымызда бұл өзекті мәселе болып тұр. Кәсіби әрекет тұлғаның дамуына үлкен әсерін тигізіп қана қоймай, адамның саналы өмірінің үш бөлігінің екеуін құрайды. Кәсіби-іс әрекет тұлғаның көптеген әлеуметтік іс-әрекеттері түрлерінің ішінде ерекше маңызға ие. Тұлғаның өмірінде Кәсіби әрекетке көп уақыт бөлінеді.
Кәсіпкерлікпен байланысты сұрақтарын талдауда еңбек психологиясында, инженерлік психологиясында, кәсіби психология салаларының еңбектерінің авторларының жұмысына сүйенеміз: Е.А. Смирнова, Н.В. Кузьмина, Ю.В. Котелова, А.А. Маркова, Е.А. Климов, В.Д. Сименко, А.А. Деркач, Р.Д. Каверина, С.Н. Чистякова А.А. Бодалев, В.Г. Зазыкин және т.б.
Кәсіби әрекет – Кәсіби әрекет субъектісінің кәсіпқойлығына байланысты, сондықтан, кәсіби әрекеттің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін психологиялық механизм ретінде мотивация мәселесі өзекті болып отыр. Ал, осы мотивация мәселесі туралы айтқанда В.Г. Асеев, Н.К. Маркова, А.С. Мельничук, Е.А. Климова, Н.В. Кузьмина, Е.А. Скриптунова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйенеміз.
Сонымен, кәсіби қызмет атқарушы тұлғаның кәсіпкерлік құрылымындағы мотивациялық аймағының бірнеше маңызды және ерекше қызметтерін айтып өтсек: ең алдымен, әрбір адамның өмірінің ерекше бөлігін қамтитын мамандығын таңдауына мүмкіншілік береді, белгілі бір кәсіптік салаға тұрақты түрдегі қызығушылықты қалыптастырады; екіншіден, кәсіби тұлғаның ерекше маңызды қасиеттерінің динамикалық түрде дамуына мүмкіндік береді және қамтамасыз етеді; үшіншіден, кәсіби тұлғаның өз кәсібі саласында кәсіпқойлық деңгейінде өсуіне байланысты ынталандырушы қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |