Кері байланыс.Топтардың бірін-бірі бағалауы.
2-тапсырма. Топтарға бұйымдардың жасалу әдісі мен мәні туралы қажетті мәтін таратылады. Топ ішінде оқушылар мәтін мазмұнын талдап, әр бұйымның жасалу әдісі мен ерекшелігі туралы талқылау жүргізеді. Сонан соң топтар сыныптастарының алдында өз ақпараттарымен бөлісу үшін жұмыстарын қорғайды. Қалған топ оқушылары өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алып отырады.
Дескриптор: 1-топ. Ұста жасайтын бұйымдардың кемінде 2 жасалу әдісін талдайды; 2-топ. Зергер жасайтын бұйымдардың кемінде 2 жасалу әдісін талдайды; 3-топ. Шебер жасайтын бұйымдардың кемінде 2 жасалу әдісін талдайды; 4-топ. Ісмер жасайтын бұйымдардың кемінде 2 жасалу әдісін талдайды Бағалау: «Мұғалімнің мадақтауы» Интерпретация (Т) Оқушыларға «Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі неде?» тапсырмасын орындамас бұрын бейнематериал тыңдатылады. Ұста, зергер, шебер, ісмер топтары өз салалары бойынша қандай ерекшелік бар екенін анықтап, баға береді.
Дескриптор: 1-топ. Ұста кәсібіндегі кемінде 2 маңызды ерекшелікті бағалайды 2-топ. Зергер кәсібіндегі кемінде 2 маңызды ерекшелікті бағалайды 3-топ. Шебер кәсібіндегі кемінде 2 маңызды ерекшелікті бағалайды 4-топ. Ісмер кәсібіндегі кемінде 2 маңызды ерекшелікті бағалайды