3. Сабақтың дәйексөзі. Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки
Әбу-Л-Хасан Рудаки, Әбу Абдаллах (Әбу-л-Хасан) Жафар Рудаки (860 ж.ш., қазіргі Тәжікстан республикасы, Пенжикент ауд. Рудаки қыстағы — 941, сонда) — тәжік классикалық әдебиетінің негізін салушы, философ. Заманында “Ақындар атасы” атанған.
Сұрақтар: 1. Ізгілік деген нен?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Шіркін, келтедүние-ай!..1 Өмір тым қысқа, оны не болса соған жұмсай беруге болмайды. Әрбір сәтің ойлылыққа, сабырлыққа, адам баласына жақсылық жасауға, елге қуаныш сыйлауға арналса дейсің.
Осы дәптерімді қолға алған сайын өмір алдындағы үлкен жауапкершілікті сезіне түсем. Қалың дәптердің жазатын парағы азайған сайын, өзімді қоярға жер таппаймын.
«Өмір мәңгілік емес – несие» деген бекер сөз емес. Адам жарық дүниеге жылап келеді, жылап кетеді.
...Жылап келіп келмейді, жылап кеткім!
Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім.
Жамандықты жақсартып, жақсылықты
Онан сайын келеді қуатты еткім, – дейді Мұқағали.
Өмір үздіксіз өзгеріп отырады. Кешегі мұрынбоқ бала – азамат, бүгінгі азамат – қария, бүгінгі қария – ертеңгі елес...
Өткенкүнің қайтып келмейді. Жаныңды қарып өтер өкініш сол. Бір кездегі жалаң аяқ, жалаң бас бейкүнә бала кейпіңе қайта оралғың келеді. Оның риясыз, аңғал, періштедей таза ойы, пәктікпен қараған күлкісі... қайда? Тіпті, қазіргі бойыңнан оның ізі де байқалмайды. Қанша іздесең де таппай қиналасың. Өткенің мәңгілікке кеткен. Өкінетінің осы. Мәңгілік өкініш өзегіңді өртейді. Әйтсе де, өткен күндеріңнің жылы суреттері, шуақты сәттері, бұлдыр бейне болып жадыңнан шығар емес.
Алдағысын ойламайтын адам болмас, сірә? Қай кезде де, ертеңім қандай болмақ деп үмітпен, сеніммен өмір сүреді.
Ауылға барсаң өзгеше бір күй кешесің. Жаныңа жақын, көңіліңе қымбат, көзіңе өте ыстық үй. Баяғыдан келе жатқан бәйтеректер, жиделер, тұт ағашы, қара ағаш, теректер... Маған ең үлкен алып тұлғалар секілді елестейді. Қаншама өмірге куә болған, бар сыры ішінде сақталған тылсым, тірі дүниелер ғой...
Бір кездері жап-жас шыбықтарды кіп-кішкене арық бойына қадай салғам. Тіпті, зорайып кетіпті. Биіктікті сездіргендей. «Сендер, адамдар неткен пәссіңдер» деп тұрғандай.
Өмір мұраты көп. Солардың бірі әділет жолынан ауытқымау. Достарға адал болу, жасалған құпия тірліктерің де ізгіліктен құралуы керек.
Өмір бейне-аптап... Ұшы-қиырсыз дала... Көлеңке іздегің келеді. Көз ұшында жол жағалай ағаштар тұр иіліп, саялағың келеді. Бірақ тоқтауға мүлде болмайды. Себебі, бұл жолда қаншама адамдар келе жатыр... Тек шыдамдылық қажет. Бойың да, жаның да күйе түседі. Өзіңді-өзің сол аптапқа үйретпей, бақытты сезіне алмайсың... Көлеңкеге бұрылсаң, ғұмырыңның мәнсіз болғаны.
... Ырыққа көнбес асау өзенмен арпалысып, уылдырық шашу үшін ағысқа қарсы жүзген балықты елестетіңізші. Міне, өмірге деген құштарлық, адами іңкәрлік осындай болса керек!
Сұрақтар: Өмірдің бізге жүктеген міндетін қалай түсінесіздер?