Сабақ 22-24. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі111 Kb.
#17616
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сырлыбек Б МИ-31 ББЖТ



Тәжірибелік сабақ 22-24. Жоспарлау. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
Жоспары

1.Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жосарлау арасындағы өзара байланыс.

2.Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау.
Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.

ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны

ОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтар

ҚМЖ-жеке сабақ



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет