Сабақ №3 Тақырыбы: Жоғары жүйке әрекеті



бет14/19
Дата26.01.2022
өлшемі50,48 Kb.
#24359
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Есте сақтау

Адам өзі куә болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау адамның психикалық үдерістерінің бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы окиғалар мида жинақталады, қорытылады және қажет кезінде қайта пайдаланады. Есте сақтау арқылы адамзат тарихында мындаған жылдар жинақталған білім мен тәжірибелер еске түседі. Әрбір адамның есте сақтау қабілеті өзіне ғана төн.

Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі — ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.

Ойланбай есте сақтау — белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.

Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.
Зейін

Зерзатқа — нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейіндеп аталады. Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек дем алатын болады.

Зейін еріксіз зейін жөне ерікті зейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақ дейді. Жаңғалақтық дегеніміз — ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады.

Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек.

Біріншіден — есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту. Екіншіден — өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден — есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.

Есте сақтаудың негізгі жолы — мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет