сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.
Материалды шығындар – бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалды объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).
Еңбек шығындары – кездейсоқ немесе күтпеген жағдйалардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі – «адам-сағат» немесе адам-күн)
Қаржылық шығындар – тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардын жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әртүрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен,айлармен өлшенеді) пайда болады.
Шығындардың арнайы түрлеріне келесілерді жатқызуға болады: адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкер беделіне зиян келтіру және басқа да қолайсыз әлеуметтік және моральды-психологиялық факторлармен байланысты шығындарды жатқызуға болады. Шығындардың арнайы түрлерінің ерекше тобына – саяси сипаттағы факторлардың күтпеген әсерінен болатын шығындарды жатқызуға болады. Олар адамдардың қалыптасқан экономикалық жағдайына түсінбеушілік енгізеді, өндірістік – шаруашылық қызметтің ырғағын бұзады, шығындардың өсуіне және табыстардың төмендеуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |