Сабақ №4 Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі Мақсаты: Тірек-қимыл апппаратының құрылысымен танысу және түрлерін сипаттау



бет5/15
Дата07.01.2022
өлшемі42,83 Kb.
#19100
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тұлғаның бұлшықеттері

Тұлғаның бұлшықеттері – орналасқан орнына қарай: арқаның, көкіректің және құрсақтың бұлшықеттері деп бөлінеді


Арқа бұлшықеттері:

Трапеция пішінді бұлшықеттер – жалпақ, пішіні үшбұрышты, арқаның жоғарғы бөлігі мен мойынның артқы жағына орналасады. Бұғана мен жауырынға бекінеді. Бұлшықеттердің жоғарғы ұшы жиырылғанда жауырын көтеріледі, төменгі ұшы жиырылғанда жауырын қайта қалпына келеді.

Ромбы тәрізді бұлшықеттердің бір ұшы жауырынның шетіне, екінші ұшы арқа омыртқаларының қанаттарына бекінеді. Жауырынның омыртқаға қарай жақындауына әсер етеді.

Арқаның бұлшықеттері бірнеше қабат болып орналасады. Терінің астына жақын орналасқан бұлшықеттер қолды қозғалысқа келтіреді. Тереңірек орналасқан бұлшықеттер омыртқа жотасын артқа, алға, оң жаққа, сол жаққа иілтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет