8.1.7.3 – көру және есту рецепторларының құрылымы мен қызметтерін сәйкестендіру
Барлық оқушылар:
Мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, көру және есту рецепторларының орналасқан жерін біледі, суреттен, нақ пішіннен көрсете алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Көру және есту рецепторларын салыстырады, бір-бірінен ажырата алады, қызметтерін талдайды.
Кейбір оқушылар:
Көру және есту мүшелері үшін рецепторлардың маңызына баға береді.
Сабақтың құндылығы
Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Бағалау критерийлері:
Мәтінді түсініп, нақты ақпаратты таба алады.
Көру рецепторлары орналасатын көз қабатын айқындайды, рецепторлардың қызметін нақтылайды, бір-бірімен салыстырады.
Соқыр дақ пен сары даққа түсініктеме береді.
Есту рецепторлары орналасатын құлақ бөлімін көрсете алады.
Фоторецепторлар жұмысына баға береді.
Тілдік мақсат
Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін
қолдану
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Фоторецепторлар, құтышалар, таяқшалар, дыбыс, соқыр дақ, сары дақ, көру
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Фоторецепторлар – көру жүйкесі – үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігі Рецепторлар – есту жүйкесі – үлкен ми сыңарларының самай бөлігі
Осы сөз тіркестеріндегі байланысты талдап, түсіндіріп беріңдер.
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Неліктен көз рецепторларын фоторецепторлар деп айтады?