switch операторы
switch операторы бір айнымалының немесе өрнектің мәніне тәуелді программа кодының әртүрлі бөліктері арасында ауысуды қамтамасыз етеді. Бұл оператордың жалпы жазылуы:
switch ( өрнек ) {
case 1мән:
break;
case 2 мән:
break;
case n мән:
break;
default:
}
Өрнекті есептеудің нәтижесі кез келген жәй типті, сонымен қатар case операторындағы көрсетілген әрбір мән switch операторындағы өрнек типімен үйлесімді болуы керек. Бұл мәндер бірегей литералдар болуы керек. Егер екі case операторында бірдей мәнді көрсетсеңіз, транслятор қате туралы хабарлама береді.
Егер case операторларындағы өрнек мәні сәйкес келмесе, онда default кілттік сөзінен кейінгі басқару кодына беріледі. Default операторы міндетті емес. case операторларындағы өрнек мәні сәйкес келмеген жағдайда және switch-те default операторы болмаса, онда программаның орындалуы switch операторынан кейінгі оператордан басталады.
switch операторының ішіндегі белгісі жоқ break, switch операторынан кейінгі тұрған кодқа басқаруды беруге әкеледі. Егер ағымдағы case бөлімінен кейін break болмаса, келесісі орындалады. Кейде switch операторында break операторымен ажыратылмаған бірнеше case бөлімінің болған ыңғайлы.
Мысал 3.
class SwitchSeason { public static void main(String args[]) {
int month = 4;
String season;
switch (month) {
case 12:
case 1:
case 2:
season = "Winter";
break;
case 3:
case 4:
case 5:
season = "Spring";
break;
case 6:
case 7:
case 8:
season = "Summer";
break;
case 9:
case 10:
case 11:
season = "Autumn";
break;
default:
season = "Bogus Month";
}
System.out.println("April is in the " + season+".");
}
}
switch операторын қолдану мысалы:
Мысал 4.
class UsingSwitch{
public static void main(String[] args){
char s='П';
System.out.print("Фамилия пользователя: ");
// Инструкция выбора:
switch(s){
case 'И':
System.out.println("Иванов");
break;
case 'П':
System.out.println("Петров");
break;
case 'С':
System.out.println("Сидоров");
break;
default:
System.out.println("Неопределена");
}
System.out.println("Программа завершила работу!");}}
Достарыңызбен бөлісу: |