Мал азығын химиялық жолмен консервілеу. Жемшөп қорын молайтумен қатар, оның сапасын арттыру мәселесі де қазір ғылыми тұрғыдан шешіледі. Соңғы жылдары еліміде бұл салада да бірқатар жұмыстар әстелді. Мұндағы негізгі бір мәселе – жемшөпті жинау мен сақтау барысында олардағы қоректік заттардың ысырабын азайту болып табылады.
Азық даярлаудың басқа әдістермен салыстырғанда (кептіру, сүрлеу т.б.) химиялық жолмен консервілеудің негізгі артықшылығы – азықтарда жүретін микробиологиялық және биохимиялық процестерді тез арада тоқтататындығында. Сөйтіп, азық спасы жойылмай, ұзақ сақталады. Ғылыми мекемелердің мәліметіне қарағанда, химиялық жолмен консервілеуді қолдана отырып, елімізде проеин қорын шамамен 6 миллион тоннаға арттыруға болатыны анықталды. Мұның өзі 4-5 миллион тоннадай қосымша ет өндіруге болады деген сөз.
Жемшөпті, әсіресе қиын сүрленетін өсімдіктерді анорганикалық қышқылдармен консервілеудің мәнісі мынадай: осындай қышқылдар көмегімен азықтағы pH-ты 3,6-3,7 жеткізгенде шіріту, май қышқылы бактериялары және төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар тіршілік ете алмайды.
Сөйтіп, азық бастапқы қалпында сақталады.