Оңай сүрленетін өсімдіктер. Бұл өсімдіктердегі қант мөлшері, сүрлемге қажетті қышқыл түзуге керекті қант мөлшерінен әлдеқайда көп болады. Екінші сөзбен айтқанда, азықтардағы қант мөлшері «қант минимунынан» артық. Оларға: жүгері, сорго, судан шөбі, күнбағыс, капуста, қарбыз, сұлы т.б. жатады.
Сүрленуі қиын өсімдіктер. Мұнда сүрлемге қажетті сүт қышқылы түзілетін қант мөлшері өсімдіктердің сүрленуіне жеткілікті мөлшерде ғана болады. Оларға: сиыржоңышқа, қызылбас беде, картоп және қант қызылшасы, сабақ-жапырақтары, қамыс, жусан т.б. өсімдіктер жатады. Өсімдіктердегі қант толық сүт қышқылына айналады. Өйткені сүт қышқылы бактериялары да сүрлемдегі қантпен қоректеніп, өсіп дамиды. Демек екінші топтағы өсімдіктерді сүрлегенде, оны шіруден сақтап тұра алатындай сүт қышқылы түзілмейді. Сондықтан бұл топтағы өсімдіктерден сапалы сүрлем алу үшін сүрлеудің арнаулы тәсілдерін (химиялық консервілеу, бұқтыру, бактериялы ашытқылар қосу т.б.) қолданылады.
Жеке сүрленбейтін өсімдіктер. Бұл өсімдіктерге сүрлемді шіруден сақтап тұратын сүт қышқылын түзуге қажетті қант жетіспейді. Оларға жантақ, мия, қалақай, соя, помидор, қауын және қарбыздың жапырақ-сабақтары жатады. «Қант-минимумы» теориясының дұрыстығын еліміздің көптеген ғылыми мекемелерінде жүргізілген тәжірибелер дәлелдеді. Әдетте өсімдіктердегі қант минимумы, ондағы нақты қант мөлшеріне сай келмегенде сапалы сүрлем алуға болмайды. Сондықтан бұл екі көрсеткіштің арасында бір байланыс болу керек.
Бактериялардың ылғалды жерде ғана тіршілік етіп, дами алатыны мәлім. Сондықтан өсімдіктің бойында ылғал неғұрлым аз болса, соғұрлым ашу процесі де баяу жүреді. Сапалы сүрлем алуға қажетті ылғалдылық 70-75%-тен артпауы тиіс.
Сүрлемдегі органикалық қышқылдардың арақатынасы мен мөлшері
Сүрлеми сапасы
|
рН
|
Органикалық қышқылдар мөлшері, %
|
Сүт қышқылы
|
Сірке қышқылы
|
Май қышқылы
|
Сапалы сүрлем
Орташа сапалы сүрлем
Сапасыз сүрлем
|
4,0-4,2
4,3-4,6
4,7 және одан да жоғары
|
2,2-2,4
1,3-1,5
1,0-1,2
|
0,6-0,80
1,0-1,2
0,8-1,0
|
Жоқ
0,1-0,15
0,8-1,1
|
Бұл – органикалық қышқылдардың тез арада жиналып, азықтың оңай консервілеуіне көмектесетін жағдай. Ылғал артқан сайын сүрлемде май қышқылының мөлшері артып, сүрлемнің сапасын нашарлатады.
Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды өсіру үшін әдетте ағаш ұнтақтары және өсімдік қалдықтары (жүгері тамыры, сабан, мақта қауашағы) қолданылады. Сонымен қатар бұл мақсатқа қамысты, шымтезекті пайдаланады. Әдетте бұл қалдықтарды күкірт, азот т.б. минерал қышқылдармен гидролиздейді, яғни қантқа айналдырады. Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтардың ішінде торула утилис қолданылады, өйткені онда белок пен «В» тобындағы витаминдер едәуір көп болады.
Мал азықтық ашытқы саңырауқұлақтарды көбінесе құрама азықтарға қосып малға, құсқа береді. Сонда оның бұл азықтағы мөлшері 3-5%-тей болу керек. Іс жүзінде малдың бір килограмм тірілей салмағына бір грамдай ашытқы құлақтар пайдаланылады.
Ашытқы саңырауқұлақ азықтық дәмін жақсартады және түрлі витаминдерге байытады. Сонымен қатар мұндай азықтарда белгілі мөлшерде сүт қышқылы да жиналды. Соның нәтижесінде мал қышқыл азықты аса сүйсініп жейді. Азыққа ашытқы саңырауқұлақтарды қосу барысында құрғақ затқа шаққанда белок мөлшері 13-17%-ке артатыны дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |