№1 Сабақ
«АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ.АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІМІ. ӨҢЕШ»
тақырыбы бойынша
Жалпы медицина мектебінің 2-ші курс студенттеріне арналған тәжірибелік сабаққа
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Құрастырған: асс. Оразакиева Т.Т.
Сағат саны: 3с.
Сабаққа дайындалатын сұрақтар-50%
Өткен тақырыптардан
7. Нерв ұштарының құрылысы
Нерв ұштарының 3 тобын ажыратады:
нейрон аралық синапстар, олар нейрондардың арасындағы байланыстарды жүзеге асырады;
эффекторлы, олар нерв импульсын жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өткiзедi;
рецепторлы (сезімтал) нерв ұштары.
Нейрон аралық синапстар
Синапстар – нейрондар арасындағы арнайы байланыс, бұл жерде импульс бiр нейроннан екiншi нейронға немесе етті және безді құрылымдарға өтедi. Синапстар импульсті өткізу бағытын анықтайды. Егер аксонды электр тоғымен тітіркендірсе, онда импульс екі бағытта жүреді, бірақ нейрон денесі мен оның өсінділеріне қарсы жүретін импульс басқа нейронға берілмейді
Аксон тармақшаларының орналасуына байланысты синапстарды ажыратады:
аксодендриттi (бiр нейрон аксонының терминалды тармағы басқа нейронның дендритiмен синапстық байланысқа түседi)
аксосоматикалық (нейронның терминалды тармағы басқа нейронның денесiнде аяқталады)
аксоаксональді (бiр нейронның терминалды тармағы екiншi нейронның аксонында аяқталады).
Эффекторлы нерв ұштары қозғалтқыш және секреторлық болып бөлінеді.
Қозғалтқыш нерв ұштары – бұл соматикалық немесе вегетативтi нерв жүйесiнiң аксондарының ұшты аппараты. Олардың қатысуымен нерв импульсі жұмысшы мүшелердiң тiндерiне өтедi. Қозғалтқыш нерв ұштары көлденең жолақты бұлшық еттерде нервтi-еттi ұштар деп аталады.
Рецепторлы нерв ұштары. Олар сыртқы ортадан және iшкi мүшелерден әртүрлi тiтiркенудi қабылдайды. Осыған байланысты рецепторлардың екi тобын ажыратады: экстерорецепторлар, интерорецепторлар.
Экстерорецепторларға есту, көру, иiс, дәм сезу рецепторлары жатады. Интерорецепторларға висцеро – рецепторлар жатады.
Барлық сезімтал ұштар құрылыс ерекшелiктерiне байланысты рецепторлы ұштар бос және бос емес болып бөлiнедi. Бос ұштар бiлiктi цилиндрдiң тек соңғы тармағынан тұрады, ал бос емес рецептор нерв талшығының түгел компонентiнен тұрады, яғни бiлiктi цилиндр тармақталған және глия жасушалары бар.
Бос емес нерв ұштары дәнекер тiндi қабықпен қапталуы мүмкiн – бұл инкапсулденген нерв ұштары. Дәнекер тiндi қабығы жоқ нерв ұштары капсулденбегенге жатады.
Бос емес нерв ұштары негiзi суықты, жылуды қабылдайды. Мұндай ұштар эпителиге тән. Дәнекер тiндерiнде рецепторлар әртүрлi. Оларға бос емес инкапсулденген рецепторлар – Фатер – Пачиннiң пластинкалы денешiгi жатады.
Сабақтың тақырыбы бойынша
7.Пародонт жайлы түсінік. Тістердің жарып шығуы мен ауысуы.
Пародонт — тісті қоршап тұрған тканьдер жиынтығы. Яғни бұған қызыл иек,, тіс ұяшығының сүйегі, периодонт және тіс цементі жатады. Парадонт тіндері филогенетикалық, биологиялық және функционалды бірлікті құрайды. Олар тісті жақ сүйегінде ұстап тұрады және тіс доғасынды тіс аралық гистологиялық байланысты қамтамасыз етеді, жарып шыққан тіс айналасындағы эпитиалды қабатты қорғайды.
Адамда тістің екі түрлі генерациясы бар: сүт және тұрақты. Сүт тістерінің балада шыға бастауы ол туғаннан кейін 6-7 айдан соң басталады. Бұл мезгілде тістің тек сауыты
ғана қалыптасқан, ал түбірінің калыптасуы енді ғана басталады. Үлкен азулык
сүт тістері (молярлар) тұракты кіші азу тістермен (премолярлармен) алмасты-
рылады. Тұрақты үлкен азу тістерінің қалануы бала 1-4 жаска келгенде өтеді. Басында екі тісте (сүт және тұракты тістер) ортақ альвеолада орналасады. Содан кейін екеуінің ортасында сүйектен тұратын тосқауыл пайда болады. Тұракты тіс өте баяу дамиды. Сүт тістерінің түсетін мезгілі келгенде, яғни 6-7 жаста, остеокласттар бұл тоскауылды және түсетін тістің түбірін бұзады, ал тұракты тіс жылдам дами бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |