Жеке жұмыс: Сыныптағы оқушылардың барлығының білім деңгейі бірдей болмайды.Сондықтан оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Бір шешімге келеміз!» әдісі арқылы төмендегідей саралау тапсырмаларын беремін.
1. Бірмүшені стандарт түрге келтіріп, мәнін табыңыз:
Дескриптор:
а) берілген бірмүшені стандарт түрге келтіреді;
б) стандарт түрдегі бірмүше айнымалыларының
мәндерін дұрыс қояды;
в) Өрнектің мәнін дұрыс табады.
2. Бірмүшені стандарт түрде жазып, коэффициенті мен дәрежесін анықтаңыздар:
тапсырма
|
коэффициенті
|
дәрежесі
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
а) берілген өрнектегі бірнеше тең көбейткіштерді топтастырады;
б) санды өрнектердің көбейтіндісін есептейді;
в) тең көбейткіштерді дәрежеге шығарады;
г) алынған бірмүшенің коэффициентін жазады;
д) алынған бірмүшенің дәрежесін көрсетеді.
3. Терезе тік төртбұрышты үш бөліктен тұрады. Суретте көрсетілген өлшемдерін пайдаланып, әрбір бөлігінің және терезенің жалпы ауданын табыңыз:
Дескриптор:
а) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың бірінші, екінші, үшінші бөліктерінің ауданын есептейді;
б) берілген суреттегі тіктөртбұрыштың жалпы ауданын дұрыс табады.
Бағалау:
Оқушылар мұғалімнің берген жауаптары арқылы өздерін тексеріп, критерийлер бойынша +/- таңбаларын қойып, оқу мақсатына жеткен жетпегендерін анықтайды.
|